«Vocational Education Exchange» журналының ақпан айындағы санына қош келдіңіз!

Бұл айдағы шығарылым студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріне арналған. Кәсіптік білім беру мектептері мен колледждері оқушылардың қажеттіліктерін әртүрлі тәсілдермен қанағаттандыра алады. Бұл барлық студенттерге сәйкес келетін болашақ жұмысқа орналасуға дайындық курстары немесе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту бағдарламаларын әзірлеу және ресурстарды беру болуы мүмкін.

Инклюзивтік ортада барлық студенттердің өздерінің жастарына қарай жергілікті білім беру мекемелеріндегі кәдімгі сабақтарға бару мүмкіндіктері бар, олар тиісті қолдауды алады және оқу орнының өмірінің барлық аспектілеріне қатысады. Бұл сол сияқты оқу орындарын және дәрісханаларды жобалау және жасақтау мәселелеріне, сондай-ақ оқу қызметінің  бағдарламаларын және түрлерін, олар барлық студенттерді қамтитындай әзірлеуге де қатысты.

British Council инклюзивтік білім беру идеясын ілгерілетеді және инклюзияны білім беру саласында енгізу бойынша бірқатар конференциялар мен бастамаларды қолдады.  

Өмірден алынған мысалдар туралы оқыңыздар және сіздерге өз студенттеріңіздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін біздің ұсынымдарды қолданыңыздар. 

Мүмкіндіктері шектеулі ересектерге арналған оқыту

Қазақстандық зерттеушілер барлық жауапты тұлғаларды, мектептер мен колледждерді инклюзивті білім беру қағидаттарын енгізіп,  мүмкіндіктері шектеулі ересектердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға  шақырады.