Кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушыларын ұзақ уақыт бойы "қосарланған кәсіпқойлар" ретінде қарап келді. Ол үшін олар екі түрлі біліктілікке ие болулары керек еді. Біріншіден, олар оқытып, үйретудің кәсіби шеберлері болулары керек; яғни, педагогикалық амалдарда. Екіншіден, олар өз мамандықтары бойынша сарапшы болулары керек. Бірақ мұндай мұғалімдер тағы да үшінші біліктілікке ие болулары керек пе?  

Кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқытушылары "үш еселенген  кәсіпқойлар"  деп аталуға тиіс пе?

Оқытушыларға - теңгерімді қосарланған бірегейлікті ұстану мақсатында осы екі біліктіліктерді сақтау және арттыра түсу үшін үздіксіз кәсіптік даму қажет. Бірінші педагогикалық аспект үшін ол формативтік бағалаудың жаңа тәсілдерін, оқытудың инклюзивтік тәсілдерін қамтамасыз етуге арналған технологияларды пайдаланудың жаңа жолдарын немесе бірлесе байқау арқылы өз практикасын талдаудың жаңа тәсілдерін зерделеуді қамтуы мүмкін. екінші аспект үшін бұл соңғы технологиялық жеістіктерді пайдалануды үйретуді қамтуы мүмкін.

Бұл екі қосарланған аспектіге әлемнің барлық елдерінде жұмысқа алу кезінде, кәсіптік дамуда және мансаптық өсуде  әртүрлі мән беріледі. Кейбір елдерде мұғалімдер сол индустрияның манадарының ішінен таңдалып алынады, олардың қызметтік портфолиося өтінімді сәтті өткізудің маңызды критерийі болып табылады; басқа елдерде олардың оқытушылық біліктілігін куәландыратын сертификат анағұрлым маңызды құжат болып табылады. British Council-мен жұмыс істейтін адамдардың барлығының алдында қосарланған мамандыққа байланысты міндет тұр.

Оқытушылар  үздіксіз кәсіптік дамуда өз басымдықтарын белгілеу  кезінде, егер олар колледж өміріндегі түрлі проблемалармен бетпе-бет келген жағдайда бірқатар қиындықтарға тап болады. Мынау кесте Дженет Хэмильтон Бродтың 2013 жылы жасаған зерттеуінен алынған, онда    Англиядағы мұғалімдердің қалай өздерінің кәсіптік біліктіліктерін сақтап, қазіргі заманға сәйкес болу жолдары көрсетілген. 

2013 жылы жүргізілген Ересектерді кәсіптік оқыту және оларды үйрету жөніндегі комиссияның жұмысы туралы бұл есеп индустрияның стандарттық құралдарына және ресурстарына қолжетімділік кәсіптік білім беру курстарын дамыту мен ұсынуда "жұмысты көрсету жолын" ұстанудың түйінді, нақты тәсілдері екендігін айқындаған. Бұл оқытушылар олар орындауға қабілеті неғұрлым аз қызмет түрлерінен -оқу және өндірістік практика сияқты қызметтен көбірек пайда табады дегенді білдіреді.

Таяуда Ұлыбританияда "үш еселенген кәсіпқойлық" туралы айтылды: үшінші кәсіптік біліктілікке кімдер ие болулары керек? Оқытушылар өз студенттеріне беретін білімдері жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейдегі жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келуі үшін де олардың бойында  үшінші кәсіптік біліктілік болуы тиіс.   Institute of Education-дегі Энн Ходжсон бұл біліктілікті былайша сипаттады:

  • Айналадағы барлық жас адамдар мен ересектерге деген этикалық қарым-қатынас
  • Колледждің қауымдастықтағы және сол аумақтағы рөлін түсіну
  •  Қажеттілікті айқындау үшін және оң өзгерістер енгізу үшін қауымдастықты және жергілікті және өңірлік қажеттіліктерді зерттеу қабілеті
  • Ведомствоаралық жұмысты жүргізу және басқа кәсіпқойлармен ынтымақтастық жасау қабілеті
  • Саясатты түсіну және оның іс жүзінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қалай жүзеге асырылатынын түсіну
  • Өте жоғары дамыған коммуникабельділік және адамдармен жұмыс істеу дағдысы

 Vocational Education Exchange-нің бұл шығарылымы кәсіптік даму бойынша түрлі сабақтарды көрсететін бірқатар кейс-стадиді қамтиды. Олар оқытушылардың үш еселенген кәсіпқойлықтың барлық аспектілерін дамытуға көмектеседі.

Өзіңіздің тәжірибеңізбен бөлісіңіз: Өзіңізді екі еселенген немесе үш еселенген кәсіпқой деп санайсыз ба? Сіз өз біліктілігіңізді ұстап қалу үшін бетпе-бет келген негізгі қиындықтар қандай? Сіздің ойыңызша, үздіксіз кәсіптік білім берудің ең тиімді түрлері қандай? Бізге мына VEE@britishcouncil.org мекенжай бойынша хабарлаңыз.