About us
About us image


British Council – Біріккен Корольдіктің мәдени байланыстар және білім беру саласындағы халықаралық ұйымы.

Біз Ұлыбритания мен басқа елдердің халықтарының тәжірибе алмасуына және олардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпалдасамыз. 

Ол үшін біз Ұлыбританияның және өзіміз жұмыс істейтін елдердің өміріне елеулі үлес қосуға, соның ішінде бірдей мүмкіндіктер жасауға, ынтымақтастықты дамытуға және сенімді нығайтуға тырысамыз.

Біз әлемнің жүзден астам елінде өнер мен мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейміз.

Жыл сайын біз трансляциялар мен жарияланымдар арқылы 20 миллионнан астам адаммен жекелей және 500 миллионнан астам адаммен интернет арқылы жұмыс жүргіземіз.

British Council ұйымын 1934 жылы корольдік хартия Ұлыбританияның қайырымдылық ұйымы ретінде құрған.

Біз Қазақстандағы келесі орталықтарда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазақстанда біз жыл сайын мыңдаған студенттермен, оқытушылармен, саясат қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен, зерттеушілермен, шығармашылық кәсіптердің өкілдерімен және кәсіпкерлермен өзара әрекеттесеміз.

Қазақстандағы British Council

British Council Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Ұлыбритания мен Қазақстанның арасындағы екіжақты қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады.  Біз өз жұмысымызда ағылшын тілі машықтарын дамытуға, емтихан қабылдау қызметтерін ұсынуға, арнайы орта және жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыруға және Қазақстан мен Ұлыбританияның арасында өнер саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге баса мән береміз.