Біздің клиенттерге қызмет көрсететін мамандарымыз British Council ұйымына, оның бағдарламалары мен қызметіне қатысты ақпарат пен ұсыныстамаларды береді.  

Клиенттерге қызмет көрсетуші мамандарға хабарласу тегін, алайда British Council ұйымының біз хабардар ететін немесе сізге ұсынатын кейбір өнімдері мен көрсететін қызметтері үшін ақы төлеу қажет болады.  

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды

British Council ұйымы клиенттерге «көлегейсіз», сапалы әрі қымбат емес қызметтер көрсету үшін бар күшін салады, сондықтан біз көрсетілген қызметтерге сіздің көңіліңіз толады деп үміттенеміз. Біздің сервис, өнімдер және көрсетілетін қызметтер бойынша сіздің пікіріңіз бен ұсыныстарыңыздың біз үшін маңызы зор. 

Кейде клиенттердің талаптары мен күткеніне сай келмейтін жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондай жағдайлар үшін біз шағым беру және шағымдарды қарастыру саясатын әзірледік. Егер сіздің айтатын пікіріңіз немесе шағымдарыңыз болса, бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Бұл бізге қателіктерді ескеріп, қызмет көрсету сапасын жақсартуға көмектеседі. 

Біз не істейміз

Шағымның мазмұнына, сіз орналасқан жерге және сіздің бізге қандай тәсілмен хабарласқаныңызға қарамастан, сіздің шағымыңыз барынша байыпты әрі риясыз түрде қарастырылады. Әдетте біз шағымның алынғанын үш жұмыс күні ішінде растаймыз да, он күн ішінде шешімін табамыз. Егер мәселе күрделірек болып шықса немесе егер сіздің шағымыңыз одан жоғарырақ деңгейге табыс етілетін болса (ол туралы «Шағымды қарастыру» бөлімінде көрсетіледі), мәселені шешу ұзағырақ мерзімді қажет етуі мүмкін, ондай жағдайда біз сізге бөлек хабарлаймыз. 

Біз мәселені сізге барынша қолайлы тәсілмен шешуге мүдделіміз, сондықтан біз жағдайды түзету үшін шұғыл әрі ыждағатты жұмыс істейміз. Біз ненің және неліктен дұрыс болмай жатқанын түсіндіреміз де, жағдайды түзету үшін шара қабылдаймыз. 

Кейбір жағдайларда біз тек кешірім өтіне аламыз, бірақ сіздің пікіріңіз жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстамаларды дайындаған кезде ескеріледі. 

Шағымды қалай беру керек 

Егер шағым бергіңіз келсе, оны электрондық пошта, хат арқылы жолдауыңызға немесе телефон арқылы айтуыңызға болады, бірақ біз мүмкіндігінше шағымды жазбаша түрде беруді ұсынамыз. Шағымды тиісті оқиға орын алған немесе сіз түйінді мәселені байқаған күннен кейінгі 90 күн ішінде беру керек. 

Ұлыбританияның аумағынан тыс жерлерде 

Қазақстанда бізге мына байланыс деректері бойынша хабарласыңыз.

Ұлыбританияда 

British Council ұйымының Ұлыбританиядағы клиенттерге қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз: 

Тел.: +44 (0)161 957 7755

Email: онлайн-пішінді мына сілтеме арқылы толтырыңыз: 

Мына мекенжайға хат жазыңыз: 

British Council Customer Service UK, Bridgewater House, 58 Whitworth Street, Manchester M1 6BB, UK

Біздің тек клиенттеріміздің, мысалы, бізде емтихан тапсыратын тұлғалардың немесе British Council ұйымының бағдарламаларына қатысатын ұйымдардың бекітілген өкілдерінің ғана жеке деректерін талқылап, шағымдарын қарастыра алатынымызды ескеруіңізді өтінеміз. 

Сіз өз атыңыздан әрекет ету туралы үшінші тарапқа (басқа тұлғаға немесе ұйымға) жүгінуіңізге болады. Үшінші тараптардың қатарына кеңестемелік ұйымдар, кәсіпқой адвокаттар (солиситорлар) немесе оқытушылар, сондай-ақ отбасы мүшелері немесе жора-жолдастар кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда жазбаша келісім беруіңіз қажет. Аталған мәселе бойынша толығырақ ақпаратты біздің қызметкермен шағымыңызды талқылаған кезде ала аласыз. 

Шағымды қарастыру 

Біз сіз алғаш рет шағыммен келген кезде барынша көбірек мәселені шешуге тырысамыз. Сізбен сұхбат өткізетін қызметкер мәселенің шешімін бірден табуға тырысады, бірақ кейде оған әріптестерінің көмегі керек болуы мүмкін. 

Кейбір жағдайларда сіз сұрағыңыздың жауабын біздің жұмысымыздың тиісті қыры бойынша жауапты тұлғадан немесе бөлімнен алуыңыз мүмкін. Шағымның сипаты аса күрделі болып, сіз ұсынылатын шешімге риза болмаған өте сирек жағдайларда мәселе жоғарырақ деңгейде шешу үшін табыс етілуі мүмкін. Аталған мәселе бойынша толығырақ ақпарат сіздің шағымыңыз қарастырылатын кезде беріледі. 

Мәселені шешу тәсілдері 

Біз шағым берген адамға анықталған қателіктер немесе қиындықтар болмаған кезде ол үміт арта алатындай етіп, қызмет көрсету деңгейі мен сапасын мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек деген қағиданы ұстанамыз. 

Біздің міндетіміз – мәселені шешудің нақты жолдары мен тәсілдерін қамтамасыз ету. Егер қандай да бір қателіктер немесе түйінді мәселелер анықталса, біз: 

  • шын жүректен кешірім сұрап, өзімізге жауапкершілік алуға; 
  • қателікті немесе түйінді мәселені мойындап, оның неліктен және қалай орын алғанын түсіндіруге; 
  • жағдайды түзету бойынша кідіріссіз шаралар қабылдауға; 
  • сіздің шағымыңыздың негізінде қорытынды шығарып, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ұмтыламыз. 

Құпиялық

Сіздің шағымыңыз ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялығы туралы біздің жаһандық саясатқа сәйкес қатаң құпиялықты сақтай отырып қарастырылады. Сіздің деректеріңіз ұйымның ішінде тек сіздің шағымыңызды зерделеу мен шешу мақсатында ғана табыс етілетін болады. Сіздің деректеріңізді үшінші тараптарға табыстау тек сіздің келісіміңізбен немесе заңнама талаптары бойынша ғана жүзеге асырылады.  

Ұлыбританияның деректерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өзіңіз туралы бізде сақталатын ақпараттың көшірмесін сұратуға, сондай-ақ бізден сол ақпараттағы кез келген олқылықты түзетуді сұратуға сіздің құқығыңыз бар.

Аталған мәселе бойынша толығырақ ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз немесе біздің веб-сайттағы ақпаратпен www.britishcouncil.org/privacy сілтемесі арқылы танысыңыз. 

Сыртқы тексерістер 

Егер сіздің шағымыңыз айтарлықтай елеулі сипатта болып, ол біздің ұйымдағы ең жоғары деңгейде қарастырылған болса, алайда сіз оның шешілуіне қанағаттанбаған болсаңыз, сіздің шағымыңызды одан әрі қарастыру үшін біздің тәуелсіз бақылаушы органға қалай табыс ету керек екенін сізге хабарлаймыз. 

Қол жеткізу мүмкіндігі 

Егер сіздің сұрағыңызға жауап бере алмайтын болсақ, біз сізді құзырлы қызметкерге жібереміз. Егер сіздің нақты сұрағыңыз болса, бірақ кімге хабарласуды білмесеңіз, сізді керекті қызметкермен немесе бөліммен байланыстырамыз. Біздің қызметкерлер клиенттермен қарапайым ауызекі ағылшын тілінде сөйлесуге үйретілген, және біз ақпаратты мүмкін болғанынша қарапайым әрі түсінікті етіп тұжырымдауға ұмтыламыз. Біз сондай-ақ қажет болған жағдайда ақпаратты арнайы пішімде, мысалы, Брайль қарпін пайдалана отырып бере аламыз.