Қазақстандағы Ұлыбритания түлектерінің жетістіктерін атап өту

Көрнекті адамдар Ұлыбританияда әлемдік деңгейдегі білім алса, оның әсері өмір бойы жалғасуы мүмкін. Alumni Awards марапатының басты мақсаты Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының түлектерінің таңдаған саласына тигізген әсері және олардың Ұлыбританиядағы оқулары қалай әсер еткені туралы айтып беру болып табылады.
 
British Council Ұлыбританияның бүкіл әлем бойынша халықаралық түлектерінің тамаша жетістіктерін атап өтетін беделді марапаттың жетінші жылын бастады.
 
Study UK Alumni Awards Ұлыбританиядан тыс жерлерде тұратын түлектер қатыса алады. Марапат жеңімпаздары мен финалистері - бұл өз салаларының көшбасшылары, Ұлыбританиядағы университетте оқу тәжірибесін өз қоғамдастығына, өндірісіне және еліне оң үлес қосу үшін қолданған азаматтарға арналған. Study UK Alumni Awards марапаты Ұлыбританияның жоғары білімінің әсері мен құндылығын атап өтеді және көрсетеді, Ұлыбритания түлектері мен олардың университеттерінің халықаралық беделін көтереді.
Study UK Alumni Awards марапатына Ұлыбританиядан тыс  елде тұратын, соңғы 15 жыл ішінде Ұлыбританияда оқыған, Ұлыбританияның университеттік деңгейінде оқудың ресми танылған провайдерінде кем дегенде бір семестр бойында білім алған; немесе толық көлемде  Ұлыбритания жоғары деңгейдегі біліктілігін (немесе одан жоғары) Ұлыбритания университеті арқылы шетелдегі жергілікті мекемемен оқу аяқтаған түлектер қатыса алады. 
 
Марапаттардың үш санаты бар:
 
Professional Achievement марапаты- үлкен көшбасшылық және кәсіби индустриядағы жетістіктерімен ерекшеленген және өз кәсібіндегі жетістіктерінің әсері мен ауқымын көрсете алатын Ұлыбритания түлектерін марапаттайтын.
Entrepreneurial Award марапаты - белсенді өсуге мүмкіндігі бар инновациялық немесе креативті жаңа идеяларды, шешімдерді немесе іскери мүмкіндіктерді бастамашылар немесе оған үлес қосуда белсенділік танытқан Ұлыбритания түлектері.
Social Impact марапаты - ерекше әлеуметтік үлес қосқан және басқалардың өмірін жақсартуға ынталаған Ұлыбритания түлектері.
 

Сіз Ұлыбританияда оқып, ерекше жетістіктерге жеттіңіз бе? Олай болса, марапаттардың біріне өтініш беріңіз!

Керемет өтініштің ерекшелігі неде? Study UK Alumni Awards веб-сайтынан біздің таңдаулы кеңестерімізбен танысыңыз.

Беделді Alumni Award марапатының жеңімпазы болудың кейбір артықшылықтары:

  • Жаһандық баспасөз және сандық қамту арқылы халықаралық беделіңізді көтеріңіз
  • Кәсіби желілеріңіз бен іскери байланыстарыңызды құрыңыз
  • Ұлыбританияға кәсіби желілік сапарды жеңіп алыңыз

Марапаттың өту кезеңі

2 қыркүйек 2020 Өтініш берудің ашылуы                                                
30 қазан 2020 Өтініш берудың аяқталуы, 16.00 (GMT)
Қазан – қараша 2020 Кандидаттарды таңдау
Желтоқсан 2020 – қаңтар 2021 Финалға қатысушыларды жариялау
9 наурыз 2021 Қазақстан финалистерін жариялау
Наурыз - тамыз 2021 Халықаралық финалистерді жариялау / виртуалдық мереке
Қыркүйек 2021 Global Alumni Awards 2020-2021 жеңімпаздарын жариялау

Өтініш беру 2020 жылдың 2 қыркүйегінде ашылып 2020 жылдың 30 қазанында аяқталады. Барлық талапкерлер халықаралық түлектердің марапатына ұсынылатын болады.

Халықаралық Alumni Awards марапаттының финалистері мен жеңімпаздары 2021 жылы жарияланып, олардың тарихы мен жетістігін көрсететін цифрлы науқан аясында марапатталады. Марапат иегерлері халықаралық беделін көтеруге, кәсіби байланысын кеңейтуге және мансабын жақсартуға Ұлыбританияға кәсіби желіге бару арқылы мүмкіндік береді (Covid-19 байланысты талқалу аясында).

Британдық кеңес өтініш беру процесі туралы көбірек білгісі келетіндерге қалай өтініш беру туралы вебинар ұйымдастырады. Егер сіз іс-шараға қатысқыңыз келсе, осы сілтеме арқылы тіркеліңіз.

Сыртқы сілтемелер