Қатарынан озып шыққан жандар Ұлыбританияда әлемдік деңгейде білім алғанда, оның нәтижесін өмір бойы көретіні сөзсіз. Alumni Awards сыйлығы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының түлектерінің өздері таңдаған салаға қосқан үлестері үшін беріледі және осы нәтижеге жетуде Ұлыбританиядағы оқу қаншалықты әсер еткенін атап өту қажет.

Биылғы финалшылармен кездесу.

Өтінім берген көптеген мықты түлектердің қатарынан осы үміткерлер алға жарып шықты. Олардың қай жағынан озып шыққанын көрелік.

Кәсіби жетістік үшін берілетін сыйлық өз жұмысы арқылы таңдаған кәсіптік саласында өзгерістер әкелген түлектерге арналған.

  • Әдемі Жанасова Хериот-Уотт университетінің түлегі . Ол оқыту мен кәсіптік білім беру саласының маманы. Әдемі өзінің халықаралық зерттеу жұмысы мен кәсіби тәжірибесінің негізінде  мекемелердегі мінез-құлық, қызметкерлерді басқару және әкімшілік менеджмент сияқты пәндер бойынша өз бағдарламаларын әзірледі және ендірді.
  • Айвар Бәйкенов Эссекс университетін бітірген. Айвар Қазақстандағы жетекші портфолио сарапшысы болып табылады, оның басқаруында құны 250 млн АҚШ долларынан асатын актив бар. Ол Ұлыбританияда оқып-үйренген барлық айла-тәсілдерді өз еліндегі капитал нарықтарында ендіруде. Оның саясатты оқуы саяси майдандағы оқиғаларды, олардың жергілікті нарықтарға, айырбас бағамына және бағалы қағаздар/облигациялар биржасындағы компанияның ашық позициясына жасайтын ықпалын сараптауына көмектесуде. 2016 жылы ол Республиканың қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті қаржыгері» ұлттық сыйлығын иеленді.  
  • Марат Райымханов Лондонның Экономика және саяси ғылымдар мектебін мемлекеттік басқару саласы бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алған. Марат – нарықтағы байланыстар жөніндегі тәуелсіз сарапшы. Оның шетелде алған білімі және нарықты зерттеу, корпоративтік байланыстар және жұртшылықпен байланыс саласындағы 15 жылдық тәжірибесі компаниялардың өз брендтік беделін қалыптастырып, іскери мәселелердің нақты шешімдерін табуына көмектеседі. Марат Лондон Экономика мектебінің өзіне кәсіптік жағынан табысқа жету үшін қажетті көптеген машықтар мен дағдыларды, соның ішінде сындарлы ойлау, түйінді мәселелерді шешу, көшбасылық және ұжымда жұмыс істеу, сондай-ақ өзін өзі үздіксіз дамыту мен жақсарту машықтарын бергенін байқайды.  

Кәсіпкерлерге арналған сыйлықпен өз саласындағы түйінді мәселелердің инновациялық шешімдерін ойлап тапқан түлектер марапатталады

Ренат Галямов Қазақстандағы ең ірі медициналық ақпараттық технология өнімі – MED24. KZ порталын жалғыз өзі жасап шығарды. Бұл портал емделушілерді бүкіл елдегі медицина мекемелерімен және дәрігерлермен байланыстырады. Оның инновациялық қызмет порталы қазірдің өзінде-ақ 300 000 адамның білікті дәрігерді табуына көмектесті. Ренат – біздің UK Alumni Award сыйлығының финалшысы. Ол Оксфордтағы Брукс университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген. 

Бағдат Мырзахметов Эдинбург университетін жасанды интеллект және информатика мамандығы бойынша түлегі. Эдинбург университетінде Бағдат Қазақстандағы жасанды интеллект саласы бойынша аса қажетті білім мен дағдыларды үйренді. Қазір Бағдат Назарбаев университетінде информатика және жасанды интеллект саласындағы зерттеуші ретінде жұмыс істейді. Бағдат өз жұмысында қазіргі заманғы әдістердің көмегімен қазақ тілі бойынша табиғи тіл өңдеу құралдарын және жасанды интеллект қолданбаларын әзірледі. 

Ілияс Исатаев.

Әлеуметтік ықпал сыйлығы өз жұмысы арқылы өздерінің қоғамына немесе қауымына жағымды өзгерістер әкелген түлектерге беріледі.

Ғайнел Ұсатаева Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Зерттеу, инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары болып жұмыс істейді.Ғайнел – елдің ең үздік университетіндегі жаңа факультеттің негізін қалаушылардың бірі. Ол медицина саласында білім берудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, денсаулық сақтау саласында білім беру ісін жақсарту және биоэтика тұрғысынан елде зерттеу жүргізуге байланысты жұмыс атқаруда. Ғайнел Лидс университетін денсаулық сақтау мамандығы бойынша бітіріп, Йорк университетінің денсаулық сақтау экономикасы бойынша сертификаттық бағдарламасын оқыды.Британдық университеттерде оқуы Ғайнелдің зерттеушілік машықтарын жетілдіруіне көмектесті.

Гаухар Мұқаман – Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығында ақпарат жөніндегі бас көмекші. Гаухардың жұмысы Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын, олардың сауаттылығын жақсартуға және қоғамдық дипломатия бағдарламалары арқылы журналистер үшін сан алуан объективті дереккөздерге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. Гаухардың Вестминстер университетінде оқуы жұртшылықпен байланыс саласын жақсырақ түсініп, жаңа үрдістерді үйренуіне, сындарлы ойлау машығын дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлауына көмектесті. Бұл сондай-ақ оның нарықта бәсекеге қабілетті болып, бүкіл дүние жүзімен байланыс орнатуына көмектесті және жаңа жобаларды бастауға шабыттандырды.  

Гүлзира Амантұрлина – Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды басқару және әлеуметтік кәсіпкерлік сектор саласындағы халықаралық білімі бар сарапшы. Оның жұмысы ақыл-есінің кемістігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға және олардың тұрмыс жағдайларын жақсарту мақсатында заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Гүлзира Лондонның Экономика және саяси ғылымдар мектебінде үкіметтік емес ұйымдарды басқару бойынша магистр дәрежесін алған. Гүлзира кемтар адамдардың түрлі мәселелерін шешіп, мұқтаж адамдар үшін мүмкіндіктер жасауға көмектесетін осындай машықтар мен дағдыларды бергені үшін Лондон Экономика мектебіне дән риза. Адамдардың сан алуандығына және әр түрлі пікірлеріне төзімділік танытып, оларды қабылдай білу де Лондон Экономика мектебінде оқу қағидаларының бірі болып табылады.

Жеңімпаздар 2018 жылғы 14 наурызда өтетін Сыйлық тапсыру салтанатында жарияланады

Егер сіз британдық университеттің түлегі болсаңыз және жұмысыңыздың қаншалықты пайдалы екенін әлемге танытқыңыз келсе, 2018 жылдың жазынан бастап келесі жылғы сыйлыққа өтінім  бере аласыз. Сіздің жетістігіңізді тыңдауға біз дайынбыз.

Сыртқы сілтемелер