Study UK Alumni Awards қазылар алқасы өздерінің таңдалған жұмыс саласы арқылы қоғамға оң әсерін тигізетін танымал тұлғалардан тұрады.

Данияр Мукитанов

Білім беру бойынша менеджері , British Council Kazakhstan

Британдық кеңесте 2016 жылдың қыркүйегінен бастап білім беру жөніндегі жобалар менеджері ретінде жұмыс істейді, ол білім беру, ғылым және азаматтық қоғамды дамыту жобаларын, соның ішіндегi "БізАлматымыз" жобасы және Астана ғылым фестивалі.

Данияр - британдық үкіметтің қаржыландыратын Chevening бағдарламасының стипендианты, ол осы бағдарламаларда шеңберлерде Шеффилд Университетінің магистр дәрежесін алды. Бұрын «Кәсіпқор» холдингінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға менеджері болып жұмыс істеді. Бұл лауазымда әртүрлі мұнай компанияларымен жемісті әріптестік орнатқан.

Джим Буттери

Джимнің Қазақстанда жұмыс істегеніне екінші жыл. Бұл оның жетекшілігімен Британ Кеңесі шеңберінде жұмыс істеген төртінші ел. Мұның алдындағы елдер: Ливия (Директор), Израиль (Директор), Кения (Директор). 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін Британ Кеңесінің Таяу Шығыстағы және солтүстік Африкадағы бағдарламаларының өңірлік директоры қызметін атқарып, «Араб көктемі» кезеңінде Британ Кеңесінің командасы үшін жауапты болған. 

Джимнің өмірбаяны – халықаралық сипатта, ол соңғы 25 жылда Африкада, Таяу Шығыста және Орталық Азияда еңбек етті. Ол еңбек жолын Иорданияда 1990 жылы,   британиялық білім беру қорында бастаған, содан соң Палестинаның қоршауда қалған аумақтарында денсаулық сақтау саласына ауысып, Ұлыбританиядағы қайырымдылық операцияларына басшылық жасаған. Ол Біріккен корольдіктің Палестина әкімшілігіне арналған техникалық көмек бағдарламасын басқару үшін 1998 жылы British Council-ге келіп, Танзанияға, Кенияға, Израильге, Иорданияға және БАӘ-ге жіберілген.

Әсел Қожакова

Red Point Kazakhstan (Қазақстан) компаниясының негізін салушы және бас атқарушы директоры.

Әсел ірі трансұлттық компанияларда: Coca-Cola, Microsoft Kazakhstan (Chief Marketing Officer), General Motors (Бас директордың орынбасары, маркетинг және PR директоры, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения), Beeline - PR жетекшісі.

Әсел көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы, соның ішінде Қазақстанда 2013 ж. бестселлер - «Time Hostess. Үйде уақытты басқару». Әсел  түрлі конференцияларда, форумдарда жиі спикері мен модераторы, сондай-ақ Назарбаев бизнес мектебінің және Еуразиялық университетінде лекторы болып табылады.