Big Idea Challenge бейне-презентациялар конкурсы бағдарламаға қатысушы елдердегі жас адамдарға инновациялық стартап әзірлеп, ол туралы бүкіл әлемге айтып беруді ұсынады.

Егер сіз қатысушы мекеменің студенті, оқу бітірген түлегі немесе жас кәсіпкері болсаңыз, сіз өз идеяңызды іске асыру үшін 25 000 евро мөлшерінде жүлдені ұтып ала аласыз, оған Лондонға бару сапары да кіреді! Конкурс жекелеген адамдар үшін және үш адамға дейін қамтитын топтар үшін ашық.

Конкурстың категориялары:

  1. Цифрлық технологиялар
  2. Әлеуметтік ықпал 
  3. Жасампаздық

санаттарында идеялардың барлығына бірдей мүмкіндік беріледі. Бұл сіз ойлаған ғаламат коммерциялық іс, таңғажайып жасампаз жоба немесе сіздің әлемді жақсартамын деген ниетіңіз болуы мүмкін.

Өтінімді қалай беру керек?

Егер сізде идея болса және конкурсқа қатысқыңыз келсе, конкурстың сайтына барып, өтінімді қалай беру керек екенін біліңіз. Өтінімдер 9 маусым жексенбінің түн ортасына (сағат 00.00) дейін қабылданады.

Егер сұрақтарыңыз болса, өтінім беру мерзімінің соңына дейін Creative Spark бағдарламасының ұжымына немесе біздің жергілікті кеңсеге хабарласыңыз.