Learn English apps
Learn English apps image

British Council ағылшын тілін үйренуге арналған сан алуан ұтқыр қолданбаларды ұсынады. Қолданбалардан сіз дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге, грамматиканы жақсырақ білуге және сөз қорыңызды кеңейтуге көмектесетін подкасттарды, дыбыстық спектакльдерді, викториналарды, ойындар мен жаттығуларды таба аласыз. 

LearnEnglish Grammar

Грамматика бойынша біліміңізді осы интербелсенді оқулықта берілген мыңдаған сұрақтардың көмегімен жақсартыңыз! Мұнда тіл үйренуді жаңадан бастаушылар үшін де, сондай-ақ едәуір үйреніп қалғандар үшін де күрделі әр түрлі дәрежедегі сұрақтар берілген. Қолданбаның ағылшындық және американдық екі нұсқасы бар:

Ағылшындық нұсқасы – Apple App Store құралынан жүктеп алу

Ағылшындық нұсқасы – Google Play құралынан жүктеп алу

Ағылшындық нұсқасы – Windows Phone Store құралынан жүктеп алу

Американдық нұсқасы – Apple App Store құралынан жүктеп алу

Американдық нұсқасы – Google Play құралынан жүктеп алу

IELTS Wordpower

IELTS емтиханына дайындалыңыз! Түрлі тақырыптағы, соның ішінде ғылым, технологиялар және бизнес тақырыбындағы 11 санаттағы 100-ден астам сұрақтың көмегімен машықтаныңыз.

Apple App Store құралынан жүктеп алу

Google Play құралынан жүктеп алу

Sounds right

Дыбыстардың интербелсенді кестесінде дауысты, дауыссыз дыбыстар мен қос дауысты дыбыстар берілген. Кестеге сондай-ақ сіздің дыбыстарды дұрыс айтуды жақсартуыңызға көмектесетін дыбыстық файлдар қоса беріледі. 

Apple App Store құралынан жүктеп алу (тек iPad үшін)

LearnEnglish Elementary Podcasts

Ұлыбританиядағы өмір туралы әңгімелейтін біздің жүргізушілерімізбен бірге тыңдау бойынша машықтарыңызды жақсартып, сөз қорыңызды молайтыңыз. Әр эпизодқа мәтіндер мен жаттығулар ілесе жүреді. 

Apple App Store құралынан жүктеп алу

Google Play құралынан жүктеп алу