Бизнеске арналған LearnEnglish Connect – корпоративтік клиенттер үшін білім беру мен аттестаттау саласындағы жаңа әрі тиімді де қолжетімді шешім. Бұл онлайн-курс сіздің қызметкерлеріңіздің ағылшын тілін үйренуіне көмектеседі және оның нәтижелері бойынша аттестаттау туралы ресми куәлік беру көзделеді.

НЕЛІКТЕН LEARNENGLISH CONNECT?

  • Бұл икемді курс – сіздің қызметкерлеріңіз сабақты қолайлы уақытта, өздеріне ыңғайлы қарқынмен өте алады
  • Оқыту әр түрлі пішімдер бойынша өткізіледі де, түрлі дайындық деңгейлеріне арналған сан алуан тақырыптарды қамтиды
  • Курстың материалдарын пайдалану оңай, ал оқыту үдерісі қызғылықты пішінде өтеді
  • Порталға компьютерден, планшеттен және тіпті ұялы телефоннан да кіруге болады
  • Сынақ нәтижелері 48 сағаттан кейін беріледі.

ОҚЫП-ҮЙРЕНУШІЛЕР ҮШІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Сөз қорын көбейту
  • Грамматика саласындағы білімін жақсарту
  • Жаңа пайдалы сөз орамдары мен сөз тіркестерін меңгеру
  • Естіп түсіну және оқу машықтарын жақсарту
  • Дербес онлайн оқып-үйрену тәжірибесі
  • Жұмысқа дайындық.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Бизнеске арналған LearnEnglish Connect – жұмыскерлерді оқыту мен біліктілігін арттыру саласындағы қолжетімді әрі тиімді шешім. Ол сіздің қызметкерлеріңіздің ағылшын тілін үйренуіне көмектеседі

Сіз компаниядағы қызметкерлердің ағылшын тілін білу деңгейі туралы анық мағлұмат аласыз

Компанияның жұмыскерлерінің ағылшын тілін білуі – халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін маңызды артықшылық.

Бізге хабарласыңыз

Бизнеске арналған LearnEnglish Connect курсы туралы толығырақ білу үшін бізге хабарласыңыз.