Сабақ беру бойынша машықтарыңызды жетілдіріп, біліктілікті арттыру тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы біліңіз.

БҰЛ КУРСҚА ҚАТЫСУ СІЗГЕ:

  • біліктілігіңізді арттыруға;
  • талдампаздық қабілетіңізді дамытуға;
  • оқушылармен және студенттермен жүргізетін жұмысыңызды жетілдіруге;
  • басқа мұғалімдермен және оқытушылармен, сондай-ақ олардың тәжірибесімен танысуға көмектеседі.

Курс British Council ұйымының білім беру саласында зерттеу жүргізумен айналысатын, көш басындағы UCL Institute of Education (Лондон Университеттік колледжінің білім институты) ұйымымен серіктесе отырып, әлемнің түрлі елдерінде оқытушыларды даярлау мен білімін жоғарылату саласындағы көп жылғы тәжірибесінің негізінде әзірленген.

«Сабақ беру машықтарын жетілдіру: біліктілікті арттыру тәсілдері мен мүмкіндіктері» курсының құрылымы өте икемді. Сізге алты аптаның ішінде аптасына небары үш сағат керек болады, яғни сіз курсты өзіңізге ыңғайлы уақытта өте аласыз.

Сонымен қатар,  осы онлайн-курсқа алғаш рет қатысып отырған мұғалімдер мен оқытушылар үшін бұл – тамаша тәжірибе (онлайн-курстар туралы толық мағлұмат).