Бүгінгі таңда, жедел экономикалық даму жағдайында, егер сіз ілгері қадам басқыңыз келсе, ағылшын тілін білудің маңызы зор. Жұмыста қолданылатын ағылшын тілінің күнделікті ауызекі тілден айырмашылығы бар екенін біз білеміз, сондықтан біздің тегін курс жұмыста тіл білуге қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленген. 

Бұл курс ағылшын тілін үйреніп жүрген және мансап сатысымен одан әрі өрлеу үшін тіл білудегі машықтарын дамытқысы келетін адамдарға арналған. Ол сондай-ақ мансап сатысының ең алғашқы баспалдақтарында тұрған және тіл білуін жақсартқысы келетін жастарға да қолайлы.

Апта сайын біз ағылшын тілін жұмыста қолданудың сан алуан өзекті қырларын қарастыратын боламыз. Сіз аудиоматериалдарды тыңдап, бейнесабақтарды қарай аласыз, онда адамдар өздерінің қалай:

  • жұмыс іздеумен айналысатыны;
  • сұхбаттасуға дайындалатыны;
  • сұхбаттардан өтетіні;
  • жаңа жұмысқа кірісетіні;
  • жаңа ұжымда жұмыс істейтіні туралы әңгімелейді.

Шағын сынақ жұмыстары мен талқылаулар сізге өзіңіздің қаншалықты үлгеріп келе жатқаныңызды байқауға және тілді іс жүзінде қолдануға көмектеседі.

English for the Workplace курсының ұзақтығы төрт аптаны құрайды. Сабақ оқу үшін сізге аптасына көп дегенде екі сағат керек болады, сондықтан сіз мұнымен өзіңізге ыңғайлы уақытта айналыса аласыз. Курстың ең соңғы күніне дейін кез келген сәтте тіркелуге болады