English in Early Childhood: Language Learning and Development онлайн курсы

Бұл онлайн курс тегін өткізіледі және мектеп жасына дейін ана тілін енді ғана меңгеріп келе жатқан балаларға ағылшын тілін қосымша тіл ретінде оқытудың қандай әдістері бәрінен де жақсы екенін түсінуге көмектеседі. 

Осы курсты өткеннен кейін сіз неліктен балалардың ойын барысында жақсы оқып-үйренетінін және мұның қалай өтетінін түсіне аласыз. Сіз оқу процесінің пайдасын барынша мол көру үшін ата-аналар мен оқытушылардың не істей алатынын біліп аласыз.

British Council ұйымының ұстаздары өздерінің білімі мен тәжірибесін бөлісіп, сіздерді:

  • мектеп жасына дейінгі балалармен барынша жақсы тіл табысуға; 
  • олардың ағылшын тілін қосымша тіл ретінде үйренуіне барынша қолайлы ахуалды қалыптастыруға;
  • оқу үлгерімін барынша тиімді қадағалауға үйретеді.

Сізде балалардың өсіп-жетілуі және мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйрету тақырыптары бойынша пікірталастарға қатысуға және осы мәселелерді біздің мамандармен көзбе-көз талқылауға мүмкіндік болады. Сіз сондай-ақ өз пікіріңізді ортаға салып, ұсыныстарыңызды айта аласыз және басқа қатысушыларға сұрақтар қоя аласыз.

English in Early Childhood курсының ұзақтығы алты аптаны құрайды. Сабақ оқу үшін сізге аптасына көп дегенде екі сағат керек болады, сондықтан сіз мұнымен өзіңізге ыңғайлы уақытта айналыса аласыз. Курстың ең соңғы күніне дейін кез келген сәтте тіркелуге болады