Аталған курс ағылшын тілін үйреніп жүрген және британдық мәдениет туралы көбірек білгісі әрі тілді меңгерудегі өзінің машықтарын жетілдіргісі келген адамдарға арналған. 

Курстың әр аптасы түрлі тақырыптарға (мысалы, ағылшын тілі әлемдік тіл ретінде, қоршаған орта, кәсіпкерлік, әдебиет) арналады, олар шағын бейнежазбалармен толықтырылады. Бейнежазбалар Ұлыбританияда түсірілген және олар сіздің ауызекі сөзді тыңдау арқылы қабылдау машықтарыңызды дамытуға көмектеседі – сіз нағыз ағылшын тілінде сөйлейтін адамдарды тыңдайтын боласыз. Біздің тәжірибелі тьютор бейнежазбада пайдаланылған кейбір сөздер мен сөйлемдерді талдайды және сізге сөйлеу мен жазу машықтарыңызды жетілдіруде көмектесетін тұстарға назарыңызды аударады.  

Курс British Council берген жоғары сапалы материалдарға негізделеді. Сіздер мынадай мүмкіндіктерге ие боласыздар: 

  • тіл үйренуге онлайн режимде машықтану 
  • әлемнің басқа елдерінде тұратын адамдармен араласу 
  • ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді жақсарту 
  • Ұлыбританияның мәдениеті туралы көбірек білу.  

Біздің  «Exploring English: Language and Culture » атты жан-жақты курс алты аптаға созылады және де икемді кестемен оқуға мүмкіндік береді: сіз өзіңізге қолайлы режимде аптасына ең көбі екі сағаттан жұмсайтын боласыз.