Аталған тегін курс Уильям Шекспир дүниеге келген Стратфорд-апон-Эйвон қаласынан бастап Лондондағы «Глобус» театрына дейін қамти отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстырады. 

Біз Шекспирдің бес пьесасын зерделейміз және бұл істе бізге әлемнің әр түкпіріндегі әртістер мен мамандар көмектеседі. Олар Шекспир өзінің шығармашылығында қолданған жалпы тақырыптарды қарастырып, түсіндіретін болады. Зерделеу үшін мына пьесалар іріктеліп алынды:

  • «Ромео және Джульетта»
  • «Гамлет»
  • «Жай нәрседен көп айқай»
  • «Дауыл»
  • «Макбет»

Бейнетьютор курсты оқу кезінде көмек көрсетеді және Шекспир ағылшын тіліне енгізген кейбір сөздер мен сөз өрнектеріне көңіл бөледі. Сіз материалды меңгергеніңізді тексеру сынақтарының көмегімен тексере аласыз, сондай-ақ Шекспирдің шығармаларында көтерілген тақырыптар бойынша ой-пікір бөлісе аласыз.

Аталған курс аса икемді оқу кестесін ұсынады: сізге аптасына көп дегенде екі сағат керек болады, яғни сіз сабақты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта өте аласыз. Дәл қазір тіркелуге мүмкіндік бар және курстың соңғы күніне дейін де тіркелуге болады.