Ашық онлайн курстар дегеніміз не?

Ашық онлайн курстар – бұл қалаған адамдардың барлығы қатыса алатын, сан алуан пәндер бойынша тегін курстар. Оларға қатысу үшін тек компьютер және интернетке қатынау мүмкіндігі ғана қажет. Ашық онлайн курстарды ашудағы мақсат – әлемнің түрлі елдерінде тұратын оқушыларды және оқытушыларды біріктіру.  

British Council  ұйымының онлайн курстары FutureLearn желісі – британдық OpenUniversity әлеуметтік білім беру платформасында жұмыс істейді, ол 40 жылдан астам уақыт бойы қашықтан және онлайн оқып-үйретумен айналысып келеді.  

Біз түрлі тақырыптардағы онлайн курстарды ұсынамыз. BritishCouncil ұйымдастырған «IELTS ұғымы» курсы тарихтағы ең ірі ашық курс ретінде дүниежүзілік рекордтан асып түсті. Ол басталғаннан бері оған 440 мыңнан астам адам қатысты. 

Қазіргі сәтке дейін ашық онлайн курстан бүкіл дүние жүзінде 1,4 миллионнан астам адам өтті.

Курсқа қалай қосылуға болады?

Өзіңізге қажетті курсты таңдаңыз да, келесі бетте тіркеліңіз.

Курсқа қалай қосылуға болады?

Курс өткізілетін алғашқы күннен бастап соңғы күнге дейінгі кез келген сәтте оған қосылуға болады.

Курстан өту үшін қандай құрылғы қажет? 

Сессияларды тұрақты компьютерлерде, ноутбуктар мен планшеттерде ашуға болады.

Тіркелу алымдары бар ма?

Ашық онлайн курстар тегін болып табылады. Курсқа интернетке қатынай алатын кез келген адам қатыса алады. 

Курсқа қатысу үшін қандай да бір шарттар бар ма?

Тіркелмей тұрып, курстың өзіңіздің жеке талаптарыңызға сай келетініне және сізге жарайтынына көз жеткізіп алған жөн. Курстың мазмұны туралы ақпарат оның бетінде жазылған.

Курстан өткенім туралы сертификат аламын ба?

Онлайн курсқа қатысу туралы куәлікті алуға болады. Куәлік бөлек басып шығарылған сертификат болып табылады, ол сіздің курсқа қатысқаныңызды және қажетті көлемді өткеніңізді растайды. Қатысу туралы куәлікті алу үшін курстың 50%-дан астамынан өткеніңізді белгілеп, сынақтардың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысу қажет.

Толығырақ ақпаратты қалай алуға болады?

British Council онлайн курстары туралы толығырақ ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.