Осы тегін онлайн-курс сіздің алғашқы жұмысыңызға дайындалуға немесе мансабыңыздың бастапқы кезеңінде машықтарыңызды жақсартуға көмектеседі. Мансапты бастаған немесе жаңа жұмысқа кіріскен кезде көптеген сұрақ қаулайды, сондықтан біз сізге жаңа жұмыс орнындағы алғашқы апта мен айларда бағыт сілтейтін осы курсты әзірледік.

Курс студенттерге, оқуды жаңа бітірген түлектерге, кәсіпке қайта оралған немесе машықтарын жетілдіргісі келетін адамдарға аса қолайлы. Осы тегін онлайн-курс сізге басқалармен еркін араласу мен қарым-қатынас орнату бойынша білім мен әдістерді ұсынады. Ол сондай-ақ өз ресурстарыңызды басқару туралы және ғалами еңбек нарығында табысқа жету туралы түсінік береді.

Британдық Кеңес пен Шеффилд Университеті бірлесіп әзірлеген курстың мақсаты – бүкіл әлемдегі жұмыс берушілер өз қызметкерлерінен талап ететін басты машықтарды қалыптастыру. Сіз:

  • мәдениетаралық ортада басқалармен тиімді араласуды
  • жаңа жағдайларға бейімделуді
  • әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуды үйренесіз

Курс аса интербелсенді, оның құрамында оқуға арналған мақалалар, бейнежазбалар және жаңа жұмысыңызда өзіңізді сенімді сезінуге көмектесетін басқа материалдар бар.

«Ғалами еңбек нарығында табысқа жету жолдары» курсы өте икемді және төрт аптаның ішінде аптасына сіздің үш сағат уақытыңызды алады, сондықтан сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта оқи аласыз. Дәл қазір де, және курстың ең соңғы күніне дейін де тіркелуге болады.