Бүгін шетел тілдерін оқытуда білімге баға берудің маңызы барған сайын артып отыр, сондықтан сіздің мұның не екенін жақсырақ түсінуіңізге көмектесу үшін біз осы онлайн-курсты арнайы әзірледік. Бұл курс орта мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ осы бағалау туралы көбірек білгісі келетін кез келген адамға пайдалы болады.

Курс шеңберінде сіз тілді білу деңгейін бағалау қағидаттары туралы мағлұмат аласыз. Ол тестілеудің алуан түрлерінің негізінде жатқан идеяларды және оқушыларыңыздың тілді білуін бағалау үшін оларды қалай қолдана алатыныңызды түсінуіңізге көмектеседі.

Тәжірибесі мол тест әзірлеушілердің және тіл бойынша білімді бағалау саласындағы халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен сіз тіл білуді бағалаудың тәжірибелік тәсілдері және әр түрлі тілдік машықтар туралы ақпарат  аласыз. Бұл оқушыларыңыздың білімін бағалау үшін пайдалану мақсатында өзіңізге қажет құралдарды анықтауыңызға мүмкіндік береді.

Курстың ұзақтығы төрт апта. Сіздің  курс аяқталғанға дейін кез келген уақытта тіркелуіңізге болады, және бұл орайда сіз бүкіл курс бойы пайдаланылған материалдарды ала аласыз.