Қазіргі уақытта қайсыбір жұмыс орынға тұру үшін жоғары бәсекелестік қабілетке ие болу керек екені белгілі, сондықтан алғашқы жұмыс іздеуде басқалардан ерекшелену аса маңызды. 

Бұл онлайн-курс сізге мансап жоспарын әзірлеуге және университетті бітіргеннен кейін жұмысқа дайындалуға көмектесуге арналған. Сондай-ақ, өз дағдыларыңызды және әлеуетті жұмыс берушілерге мықты жақтарыңызды қалай таныстыру керек екенін үйрене аласыз.

Курс соңында сіз келесі дағдыларды игеріп шығатын боласыз:

  • күшті жақтарыңызды қалай анықтап, оларды мансаптық өсуде пайдалану. 
  • жұмыс іздеудің тиімді стратегиясын әзірлеу.
  • кез-келген жұмыста табысқа жетуге көмектесетін бірқатар кәсіби дағдыларды үйреніп, оларды пайдаға асыру.
  • әр түрлі мәдени ортадан шыққан адамдармен тіл табысуды үйреніп, олармен байланыс орнатып, өзара тиімді қарым-қатынас жасау.

Бұл курс алғаш рет жұмысқа орналасқанда немесе жоғары білім алғаннан кейін еңбек нарығына қайтадан оралғандарға арналған. Аталған курс оқудан кейін жұмысқа ораналасқан уақытта аса қажетті дағдыларды үйренуге бағытталатын болады. 

Бұл курс өте қолайлы - екі аптада, аптасына үш-ақ сағат уақытыңызды алады. Яғни бұл курсты өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта оқуға мүмкіндігіңіз болады.