«Teaching for Success: сабақтар және оқыту» атты тегін онлайн курс барлық елдердің ағылшын тілі оқытушыларына арналған. Курс біліктілігіңізді үнемі жоғарылатып отыру үшін қажетті машықтарыңыз бен іс-тәжірибелік жұмыстың әдістерін дамытуға көмектеседі. 

Ол бастауыш, орта және жоғары білім беру деңгейіндегі ағылшын тілі мұғалімдеріне пайдалы болмақ.

Апта сайын курстың шеңберінде кәсіптік іс-тәжірибенің жаңа бір қыры қарастырылады, ол мұғалімнің жұмыста табысқа жетуіне көмектеседі.

Курстың тақырыптары:

  • сабақты жоспарлау;
  • оқу ісін ұйымдастыру;
  • оқу ісіне арналған материалдар;
  • біліктілікті үнемі жоғарылатып отыру.

Курстың әр аптасында қарастырылатын негізгі тұстар тәжірибелі мұғалімдермен жүргізілген шағын бейнесұхбаттардың және сабақта түсірілген бейнежазбалардың көмегімен көрсетіледі.

Аталған толық курс алты аптаға шақталған. Курс аса икемді түрде жоспарланған: сізге аптасына көп дегенде екі сағат керек болады және сіз оны өзіңізге ыңғайлы уақытта өте аласыз.