Аталған онлайн курс IELTS сынағын тапсыруды жоспарлайтын адамдарға ұсынылады. Сонымен қатар курста берілген кеңестер мен ұсыныстамалар ағылшын тілін үйреніп жүрген адамдардың барлығының кәдесіне жарайды. 

Курс IELTS емтиханына дайындалуға бағдарланған (InternationalEnglishLanguageTestingSystem). IELTS – жоғары оқу орындарына түсу мен басқа елдерге көшу үшін тапсырылатын, ағылшын тілін білу бойынша әлемдегі ең танымал емтихан. IELTS нәтижелерін бүкіл дүние жүзіндегі 10 мыңнан астам ұйым, соның ішінде университеттер, жұмыс берушілер, көші-қон қызметтері және кәсіби органдар қабылдайды. Өткен жылы IELTS емтиханын 2,9 миллионнан астам адам тапсырды. 

Аталған курста сіз IELTS емтиханының әр кезеңі туралы түсінік аласыз: оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау. Әр кезеңге біздің бейне-тьютордың және IELTS тәжірибелі оқытушыларынан тұратын топтың ұсыныстамалары қоса беріледі. Сізге курстың басқа қатысушыларымен жеке тәжірибеңізді, кеңестеріңіз бен пікірлеріңізді бөлісу ұсынылады. 

Курстың соңына қарай сіз: 

  • IELTS емтиханының барлық бөліктері туралы түсінік аласыз; 
  • емтихан тапсырған кезде мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін пайдалы кеңестер мен ұсыныстамаларды аласыз; 
  • нәтижелердің қалай бағаланатынын түсінетін боласыз; 
  • өзіңіздің жазбаша және ауызша машықтарыңыз бойынша басқа қатысушылардың бағасын алуға мүмкіндігіңіз болады. 

British Council ағылшын тілін оқыту және оны меңгеру деңгейін бағалау саласында 80 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және IELTS емтиханын жүзден астам елде өткізеді. Курс әрі жан-жақты, әрі икемді болып табылады. Ол сіздің аптасына көп дегенде екі сағат уақыт бөлуіңізді қажет етеді және сіз оны өзіңізге ыңғайлы уақытта өте аласыз.