Курстың негізгі тақырыптары – тіл дегеніміз не және біз жаңа тілді түсінуді қалай үйренеміз; басқа тілді үйренудің оңай жағы қандай және қиын жағы қандай; басқа тілдерді қалайша жақсы оқытқан дұрыс. 

Саутгемптон университеті мен British Council әзірлеген осы курсты өткен жылы әлемнің түрлі елдерінде 120 000 адам оқып шықты. 

Курс төрт аптаға шақталған. Осы уақыт ішінде сіз тілдерді зерттеу және оқыту мен үйрену тәжірибесі саласындағы кейбір ең жаңа идеялар туралы білесіз. 

Сіз мыналар туралы біле аласыз: 

  • екінші тілді үйрену және тілді үйрену деген нені білдіреді; 
  • тіл сыныптары және сабақ беру тілді үйренуге қалай әсер етеді; 
  • тілдерді оқытуда технологияларды пайдалану, олардың артықшылықтары және соған байланысты міндеттер.

Курс кімдерге арналған?

Курс жоғары білімі бар, тіл меңгерудегі машықтарын, сондай-ақ сабақ берудегі машықтарын дамытқысы келетін адамдарға арналған. Сіз ағылшын тілін оқыту саласында жоғары оқу орнынан кейін білім алу жайындағы түсінігіңізді қалыптастырасыз. Алдын ала дайындық қажет емес. Курстан тіл үйрену мен сабақ беру туралы көбірек білгісі келетін адамдардың барлығының өтуіне болады. 

Курсты оқып шығыңыз да, ағылшын тілінің оқытушыларына арналған магистратурада оқуға арналған стипендияны ұтып алыңыз

Онлайн режимде магистратурада оқу үдерісі туралы түсінік алу үшін осы қашықтан оқу курсынан өтуіңізге болады. Курсты жақсы үлгеріммен аяқтағаннан кейін сіз ағылшын тілінің оқытушыларына арналған магистрлік бағдарлама бойынша қашықтан оқудың бағасын жартылай өтейтін стипендиядан үміткер бола аласыз.  

Саутгемптон университеті мен British Council әзірлеген магистрлік бағдарлама туралы көбірек біліп алыңыз.