Үкіметтік пен үкіметтік емес ұйымдардың, және  жекеменшік сектордың пікірлерi

2015 жылдың соңында біз Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния мен Герцеговина, Грузия, Косово, Қазақстан, Македония, Сербия, Украина мен Черногорияда білім беру жөніндегі серіктестіктерді құрудың келешек мүмкіндіктерін зерттедік.  

Зерттеудің басты мақсаттары: адамдардың ағылшын тілін үйренуге деген мұқтаждығын, серіктестік құрудың келешек мүмкіндіктерін және жергілікті нарықта тіл бойынша білім беруді қаржыландыру мүмкіндіктерін бағалау. Әрбір мақсатты елде көпшілікке жария ақпараттың негізінде (тиісті оқу орындарының веб-сайттарынан, білім беретін онлайн-ресурстардан, баспасөзде жарияланған есепхаттар мен зерттеулерден және басқа да көздерден) зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік, мемлекеттік емес және жекеменшік сектордың 12 ұйымымен егжей-тегжейлі сұхбаттар өткізілді. 

Біз сіздерге әрбір ел бойынша зерттеудің нәтижелерін ұсынамыз: 

Зерттеудің негізгі нәтижелерін жүктеп алу 

Білім беру, ағылшын тілін оқыту және ағылшын тілі оқытушыларының білімін жоғарылату саласындағы біздің жұмысымыз туралы көбірек біліңіз.