«Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы қазақстандық журналистердің кәсіпқойлығын, сондай-ақ қоғамның үш тілділікке өтуіне байланысты олардың ағылшын тілін білу деңгейін жоғарылатуда қолдау көрсетуге арналған. Бағдарламаны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан British Council ұйымы жүргізеді. 

Бағдарламада ағылшын тілін оқыту, сондай-ақ орындалуы үшін ағылшын тілін білу талап етілетін журналистика саласындағы нақты іс-тәжірибелік тапсырмалар да қамтылады. 

Бағдарлама қатысушысы болу үшін сіз: 

  • қазақстандық баспасөзде немесе интернет-басылымда, теледидарда немесе радиода журналист болып жұмыс істеуге; 
  • Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен немесе Шымкент қаласында тұруға және жұмыс істеуге; 
  • ағылшын тілін кем дегенде Elementary (CEFR A2) деңгейінде меңгеруге; 
  • сіздің бас редакторыңыздың бағдарламаға қатысуыңызға қарсы емес екенінің растамасын ұсынуға тиіссіз. 

Оқу ағылшын тілін білу деңгейіне сәйкес қалыптастырылған, 12-17 адамнан тұратын топтарда өткізілетін болады. Курстың ұзақтығы – алты ай (120 сағат, аптасына 90 минуттан үш сабақ). Сабақ 2018 жылғы 10 қаңтарда басталады және 2018 жылғы 4 шілдеде аяқталады. Наурыздан бастап күндізгі оқу сабақтарына қосымша қатысушылар Пенсильвания университетінің «Журналистерге арналған ағылшын тілі» деп аталатын онлайн-курстың шеңберінде оқи бастайды, бұл курс олардың қазіргі заманғы журналиске қажет машықтарын дамытуына көмектеседі. 

Оқып жүрген кезде қатысушылар екі емтихан (аралық және қорытынды) тапсырады. Сондай-ақ олар оқу барысында орындауға және жинақтауға тиісті еңбектерінің қоржынын ұсынады.

Курсты аяқтағаннан кейін сабақтардың 70 немесе одан көбірек пайызына қатысқан қатысушылар оқу бағдарламасынан өткені туралы сертификат алады.

«Журналистерге арналған ағылшын тілі» бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 5 қараша (жексенбі) Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін қабылданады. 

Жиі қойылатын сұрақтар:

Бағдарламаны кім қаржыландырады?

Бағдарламаны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қаржыландырады. 

Бағдарламаның ұзақтығы қандай?

Бағдарлама алты айға созылады. 

Оқуға аптасына неше сағат керек болады?

Қатысушылардың барлығы аптасына ұзақтығы 90 минут үш сабаққа қатысуға тиіс болады. Біз сабақтарды дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері кешке өткізуді жоспарлап отырмыз, бірақ сабақ уақыты қатысушылар үшін қолайлырақ уақытқа өзгертілуі мүмкін. 

Мен журналистпін, бірақ бағдарламада аталған жеті қаланың ешқайсысында тұрмаймын және жұмыс істемеймін. Өтінім бере аламын ба?

Жоқ. Бағдарлама тек Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен немесе Шымкент қаласында тұратын және жұмыс істейтін журналистерге ғана арналған. 

Мен журналистпін, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеймін, бірақ ҚР азаматы емеспін. Өтінім бере аламын ба?

Иә. Егер сіз қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жұмыс істесеңіз және бағдарламаға кіретін жеті қаланың бірінде тұрсаңыз, өтінім беруіңізге болады. 

Мен журналистпін, бірақ қазіргі сәтте жұмыс істемеймін (босануға/оқуға, т.с.с. байланысты демалыстамын). Өтінім бере аламын ба?

Жоқ. Бағдарлама қазіргі сәтте мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген журналистерге арналған. 

Мен штаттан тыс журналистпін. Бағдарламаға қатыса аламын ба?

Ия. Бағдарламаға қатысуға штаттан тыс журналисттердің құқығы бар. Егер Сіз штаттан тыс журналист болсаңыз, онлайн-өтінімді тапсырған кезде сіз ең аз дегенде алты ай бойы жұмыс істеген басылымның редакторынан мінездеме хат (ұсыныс хат) жүктеу керек немесе сіз соңғы үш айда жұмыс істеген алты материалға сілтеме жасап жіберуіңіз керек.

 

Мен журналистер үшін АҚШ Елшілігі жанында ұйымдастырылған ағылшын тілі курсында оқыдым. Өтінім бере аламын ба?

Иә. Алайда аталған бағдарлама ағылшын тілін меңгеруі Upper Intermediate (CEFR B2) деңгейінен аспайтын адамдарға арналған. Егер сіздің ағылшын тілін білу деңгейіңіз жоғары болса, сіз іріктеуден өтпеуіңіз мүмкін. 

Бағдарламаға қатысатын үміткерлер қандай өлшемдер бойынша бағаланады?

Қатысушыларды іріктеу кезінде бірқатар факторлар, соның ішінде ағылшын тілін меңгеру деңгейі, тұрғылықты қаласы, бағдарламаға қатысуына қозғау салатын себеп және жұмыс берушінің келісімі есепке алынатын болады. 

Бағдарламаға қатысушыларды кім іріктейді?

Бағдарламаға кімнің қатысатыны туралы түпкілікті шешімді Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен British Council ұйымының қызметкерлерінен құралған іріктеу комиссиясы қабылдайды. 

Менің жұмыс берушімнің хаты сіздерге не үшін керек?

Сіздің бағдарламаға қатысуыңызға жұмыс берушіңіздің қарсы емес екенін және сізге кесте бойынша сабаққа барып тұруыңызға мүмкіндік беретінін білудің біз үшін маңызы бар. Осы себептен сіз өтінім бергеніңіз туралы жұмыс берушіңіздің білетіні және бағдарламаға қатысуыңызға қарсы емес екені туралы оның хатын көрсетуіңіз қажет. 

Бағдарламаның соңында мен оқығанымды растайтын қандай да бір құжат аламын ба?

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін сабақтардың 70 немесе одан көбірек пайызына қатысқан қатысушылар оқу бағдарламасынан өткені туралы сертификат алады. 

Бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін қандай ең төмен (ең жоғары) деңгейде білу қажет?

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті ең төмен деңгей – Elementary (CEFR A2). Ең жоғары деңгей – Upper Intermediate (CEFR B2).

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу қашан іске асырылады? Нәтижесі қашан белгілі болады?

Өтінімді 31 қазанда (сейсенбі) Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін онлайн беруіңіз керек. Егер сіз алдын ала іріктеуден өтсеңіз, сізге онлайн-сынақтың сілтемесі жіберіледі, сынақтан 22 қарашаға дейін өтуіңіз керек. Содан кейін біз сіздің ағылшын тілінде сөйлеу деңгейіңізді бағалау үшін сізге телефон арқылы хабарласа аламыз. 15 желтоқсанға дейін біз бағдарламаға қатысу үшін іріктеліп алынған үміткерлерге хабарласамыз. 

Сабақ қашан басталады? Және қашан аяқталады?

Сабақ 10 қаңтар сәрсенбіде басталады. Және сабақ 4 шілде сәрсенбіде аяқталады.

Сабақ қай жерде өткізіледі?

Әр қалада сабақтар бір жерде өткізілетін болады. Астана мен Алматыда – British Council ұйымының офистарында. Басқа қалаларда – серіктес университеттерде. Бағдарламаға қатысу үшін іріктеуден өткен үміткерлерді хабардар етумен бір мезгілде біз сондай-ақ сабақ өткізілетін жердің мекенжайын да хабарлаймыз. 

Оқуды ауыруыма, жұмыста атқаратын ісімнің тым көп болуына немесе жеке басыма қатысты мән-жайларға байланысты үзуіме бола ма?

Жоқ. Өкінішке қарай, сабақ кестесі қатысушылардың барлығына бірдей белгіленген. Бағдарлама бойынша оқу туралы сертификаттарды тек сабақтардың кем дегенде 70%-ына қатысқан қатысушылар ғана алады.