Шертіңіз. Қараңыз. Үйреніңіз.

English Channel – интербелсенді бейнематериалдың көмегімен ағылшын тілін оқып-үйренуіңізге және мансап құру үшін қажетті машықтарды дамытуыңызға көмектесетін тегін онлайн-платформа. 

«Ағылшын тілін үйреніңіз» бөлімінен Ұлыбританияда жасалған, ағылшын тілі бойынша интербелсенді тәжірибелік жаттығулармен ұштастырылған қазіргі заманғы арт-контентті табасыз. Ағылшын тілі бойынша машықтарыңызды фильм, музыкалық және тұрмыстық бейнероликтердің көмегімен ұштаңыз.

«Мансап құруға арналған машықтарыңызды дамытыңыз» бөлімі – өздерінің білімі мен бизнес бойынша машықтарын жақсартуды қалайтын студенттерге, жас мамандар мен жаңа кәсіпкерлерге арналған мінсіз платформа. Бұл бөлімнен сіз мансабыңызды дамыту немесе жаңа бизнесті бастау үшін қажетті негізгі машықтар мен идеяларды жақсырақ меңгеруге көмектесетін сан алуан контентті табасыз.

Сондай-ақ контенттің басқа бөлімдеріне тегін қатынауға рұқсат алу, нәтижелеріңізді қадағалау және әлеуметтік желілерде пайдалануға болатын бейдждер мен сертификаттарға ие болу үшін тегін тіркелуіңізге болады.