Date
Дүйсенбі 11 June 2018
Location
ДЭДЛАЙН

Қазақстандағы Британдық Кеңес (British Council Kazakhstan) «Шеврон» компаниясы Атырау облысының әкімдігімен бірлестікте іске асырылатын «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасына Атырау қаласындағы жастарды қатысуға шақырады.

Аталған жобаның мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік жағынан белсенді жастарға қолдау көрсету және Ұлыбританияның тәжірибесі мен Британдық Кеңестің халықаралық тәжірибесін пайдалана отырып, әлеуметтік кәсіпкерлікке үйрету арқылы қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешу болып табылады. Жоба Қазақстанда әлеуметтік жағынан белсенді жастардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпалдасатын болады. 

Жобаға қатыса отырып, жастар төмендегі тақырыптар бойынша орыс тілінде тренингілерден өтуге мүмкіндік алады: 

  1. Әлеуметтік кәсіпкерлік 
  2. Фандрайзинг
  3. Бизнесті жоспарлау негіздері 
  4. Әлеуметтік жобаларды басқару 
  5. Маркетинг 
  6. Питчинг.

Өтінім берген сәтте 16 – 29 жас аралығындағы талапшыл жас болуы керек.

Жобаға қатысу мына өтініш сауалнамасын толтырып 11 маусымға дейін arsen.kambalov@kz.britishcouncil.org электрондық поштасына жіберіңіз. 

Жобаға қатысу тегін.