Date
Сенбі 08 Желтоқсан 2018 -
10:30 қа 15:00
Location
АТЫРАУ

Қатысқысы келетін адамдардың барлығын «Самғау» бизнес-фестиваліне – мектеп оқушылары мен студенттерге арналған танымдық іс-шараға шақырамыз, оның мақсаты жастардың арасында кәсіпкерлікті жаю болып табылады.

Шара Атырау облысы әкімдігінің және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен, «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасы аясында, "Британдық кеңес" (British Council) ұйымдастыруымен өтеді.

Өткізілетін орны: Баймұқанов көшесі 45-A, Атырау мұнай және газ университеті, Студенттер сарайы

Уақыты мен күні: 08 желтоқсан, сағат 10.30-15.00

Кіру тегін, тіркелу қажет.

Фестивальда сіз:

  • Әр түрлі конкурстарға қатысып және құнды жүлде ұтып ала аласыз
  • Үстел ойындарын және бизнес-ойындарды ойнай аласыз
  • Табысқа жеткен кәсіпкерлердің бизнес жүргізудің әр түрлі аспектілері туралы сөйлеген сөздерін тыңдай аласыз

Алғашқы 200 қонақты ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтар мен көңілге жағымды тосын сый күтіп тұр!

Іс-шара 12 - 23 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен студенттерге есептелген, бірақ біз келемін деушілердің барлығын қуана қарсы аламыз! 

«Самғау» бизнес-фестивалі соның шеңберінде өткізілетін «I-SEED Атырау» жобасын Британдық Кеңес және «Шеврон» компаниясы табысты мансап құру үшін қажетті білімі мен машықтарын дамыту және белсенді азаматтық позициясын дамыту жағынан жастарға қолдау көрсету мақсатымен Атырау облысы әкімдігінің серіктестігімен 2017 жылдан бері іске асырылып отыр.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Атырау қаласының мектеп оқушылары бизнес идеялар байқауына қатыса алады: