Date
Жұма 26 June 2020 - 23:59
Егер сізде Атырау қаласындағы әлеуметтік-маңызды салаларды қолдауға бағытталған идея бар болса, біз сіздерді "StartUp Battle - 2020 " байқауына қатысуға және өз жобаңызды іске асыру үшін 3000$ ұтып алуға шақырамыз!
 
2017 жылдан бастап I-SEED жобасы Атырауда жастарға инновациялық және интерактивті оқыту бағдарламасын ұсынып, «Шеврон» корпорациясының «Атыраудағы жастарды дамыту бағдарламасы» аясында іске асырылып келеді.
 
I-SEED жобасының шеңберінде «StartUpBattle - 2020» стартап жобалар конкурсы Қазақстандағы әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға және әлеуметтік кәсіпкерлікті өркендету арқылы әлеуметтік мәселелерді тұрақты шешуге жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстанда белсенді жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
 
Байқауға келесі бағыттардағы жобалар қатыстырылады: IT-технологиялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылыми инновация, медицина, экология, әлеуметтік жоба, білім және жастарды дамыту, шығармашылық және өнер, спорт.
 
Басты сыйлық - сіздің стартап жобаңызды іске асыру үшін 3000$.
 
Байқаудың ережелері қандай?
  • Сіз байқауға топпен немесе жеке  қатыса аласыз;
  • Барлық қатысушылар 18- 29 жас аралығында болуы шарт;
  • Сіздің өтініміңіз келесі салалардың бірін қамтуы тиіс: IT-технологиялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылыми инновациялар, медицина, экология, әлеуметтік жобалар, жастардың білімі мен дамуы, шығармашылық және өнер немесе спорт.

Өтініш берер алдында сізге осы сұрақтарға жауап дайындау қажет:

  • Сіздің жобаңыздың қысқаша сипаттамасы;
  • Сіздің стартап жобаңыз қарастыратын, шешетін мәселе;
  • Сіздің стартап жобаңыздың бірегейлігі (жаңашылдығы) қандай болады?
  • Стартап жобаңызды іске қосу үшін қанша инвестиция қажет деп ойлайсыз?
  • Сіз өзіңіздің тәлімгер (ментор) ретінде қай саладағы кәсіпкерді көргіңіз келеді?
Өтінішті 2020 жылдың 26 маусымының 23:59 дейін толтырыңыз.