Date
Сенбі 29 Ақпан 2020 -
12:00 қа 18:00
Location
Almaty

Бұл конференция емес, тренинг емес, өз жетістігіңмен бөлісуге, қызықты қалалық кейстер туралы білуге, жәрмеңкелер мен уоркшоптарға қатысуға, өзіңмен бір толқындағы адамдарды табуға, тіпті кино көруге болатын кездесу! 

Бір күн бойы өтетін фестивальда бірнеше аймақ болады: "қала туралы диалогтар" аймағы, жәрмеңке және уоркшоп аймағы, балалар аймағы, КиноАймақ, жоба тарихы аймағы. Сондай-ақ, фестивальда жаңа Iphone ұтып алу мүмкіндігіңіз бар, ол үшін фестивальға тіркеліп, келу қажет.

Іс-шараға «БізАлматы» жобасының серіктестері, грант иегерлері мен достары қатысады. Бірақ біз жаңа адамдармен танысқымыз келеді. Сондықтан есігіміз барлық қала тұрғындарына, оның ішінде ең кішкентай тұрғындарына ашық (балалар аймағы туралы ұмытпаңыз)

Өтетін күні: 29 ақпан 2020 жыл

Уақыты: 12.00-18.00

Орны: Абай даңғылы 90, Q-lab қалалық жобалар зертханасы (мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба бар).  «Алатау» метро станциясы