Are you a business

СІЗДІҢ ЖҰМЫСТЫ ІЛГЕРЛЕТУ ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІҢІЗ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ БІЛЕТІНІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙСЫЗ?

Aptis сіздің мекемедегі қызметкерлер мен жұмыстан үміткерлердің  ағылшын тілі деңгейі жөнінде нақты  мағлұмат береді.

Тесті қолдана отырып сіз:

  • Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерді жұмысқа алу және жоғарлату
  • Инвестицияның пайдасын қайтару мақсатында, оқыту бағдарламасының  басымды тұстарын анықтау
  • Сіздің мекемедегі ағылшын тілін меңгерген қызметкерлердің күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша жұмыстарды жеңілдете аласыз

НЕЛІКТЕН ТЕК ҚАНА APTIS?

  • Aptis сізге ыңғайлы жерде және қолайлы уақытта, оңай жоспарлап өткізіле береді. 
  • Тест тілдің әртүрлі дағдысын (оқу, жазу, ауызекі тіл және тыңдап түсінуін), сондай-ақ грамматика мен тіл байлығын анықтауға мол мүмкіндік беретіндей құрылымданған.
  • Сіздің өз мекемеңізге сәйкес келетінін таңдайсыз.
  • Тесті әртүрлі тәсілмен, яғни  планшет, компьютер, қағаз бен қаламды пайдалану арқылы да өткізуге болады.
  • Сіздер тілдің әртүрлі дейгейін А1-ден С-ге дейін бағалай аласыздар. Бұл бір мезгілде тілдік дайындығы жоғары және тілдік дайындығы төмен үміткерлерді тестілеуге мүмкіндік береді.

ҚАНДАЙ КӘСІПОРЫНДАР  APTIS-ТІ ҚОЛДАНАДЫ?

 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ADECCO GLOBAL-ДЫҢ ФИЛИАЛЫ – ADECCO POLAND.

Adecco Aptis тестін Еуропа, Таяу Шығыс пен Африкадан 11 тілді сыртқы клиенттердің өтінішін тіркейтін ақпарат орталығы қызметкерлерінің  ағылшын тілі деңгейін тексеруд үшін қолданды.

NETSOL TECHNOLOGIES INC.,ПӘКІСТАН, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ САЛАСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҮШІН  IT-ҚЫЗМЕТТЕРДІ  ЖЕТКІЗУШІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ

NetSol  Aptis-ті әртүрлі дауазымдардағы қызметкерлерге ағылшын тіліне  қатысты талаптарды анықтауда қолданды. Және олардың сол талаптарға  сай келу-келмеуі анықталып,  сондай-ақ ағылшын тілін оқыту мен оның дағдыларын жетілдіру жолдары, оған деген қажеттіліктерді талдау үшін пайдаланылды.  Одан басқа  Aptis-ті жұмысқа қабылдау кезінде де қолданып, NetSol Aptis-ті жалпы нәтижелілікті арттыру үшін барынша пайдаланды.

Сыртқы сілтемелер