Are you a government ministry or NGO

Aptis тестімен сіздің ұйымдағы қызметкерлердің ағылшын тілі деңгейінің қаншалықты жақсарғанын оп-оңай анықтауға болады. Ағылшын тілін тестілеудің  Aptis халықаралық жүйесі  өте икемді, оны кез-келген жағдайда, тілдік деңгейі әр-түрлі қызметкерлерге, үміткердің сол кездегі дайындығының деңгейіне қарамастан қолдануға болады.

  • Егер сіз министрлік немесе үкіметтік емес ұйым болсаңыз, сіз Aptis тестін ағылшын тілі дағдыларын жетілдіру мақсатында өздеріңіз қолданатын  бағдарламаларыңызға қосымша ретінде пайдалана аласыз. Тесті сіздің бағдарламаңыздың басында, ортасында және соңында қолдана отырып кандидаттардың ілгерлеуін нақты білуге мүмкіндік туады. 
  • Сондай-ақ сіз Aptis тестін әр-түрлі мақсатты топтардың тіл оқуға деген қажеттілігін анықтаудағы аудит құралы ретінде пайдалана аласыз.  
  • Біз Aptis тестін сіздің талаптарыңызды ескере отырып, бейімдей аламыз.

НЕЛІКТЕН НАҚТЫ APTIS?

  • Тест  тілдің әр-түрлі дағдысын (оқу, жазу, ауызекі тіл және тыңдағанын түсіну), сондай-ақ грамматика мен тіл байлығын анықтауға мол мүмкіндік беретіндей болып құрылған. Сіз өз жобаңызға сәйкес келетінді таңдайсыз.
  • Aptis сізге ыңғайлы жерде және қолайлы уақытта, жоспарлауды оңайлатып-ақ өткізіле береді. 
  • Сіздер тілдің әр-түрлі дейгейін А1-ден С-ге дейін бағалай аласыздар. Бұл бір мезгілде жоғары және төменгі тілдік дайындығы бар үміткерлерді бір мезгілде тестілеуге мүмкіндік береді.
  • Тесті әртүрлі тәсілдермен, яғни  планшет, компьютер, қағаз бен қалам қолдану арқылы да өткізуге болады.

Ішкі сілтемелер

Aptis-ті қолдану мысалы: Руанданың Білім беру кеңесі

Aptis-ті қолдану мысалы: Шри Ланканың шет елдегі жұмыспен қамту мәселелері бойынша бюросы

Бұл бөлімде

Aptis for teachers

Оқытушыларға арналған Aptis

Оқытушыларға арналған үшін Aptis жалпы Aptis тестерінің нұсқасы тәрізді. Тестті дүниежүзі бойынша Білім министрліктерінде және білім беру мекемелерінде педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының немесе студенттерінің ағылшын тілін қаншалықты меңгергенін тексеру үшін қолдануға болады.