Aptis for teachers

Оқытушыларға арналған Aptis жалпылай Aptis тестінің нұсқасы тәрізді.  Тестті дүниежүзі бойынша  Білім министрліктерінде және білім мекемелерінде оқытушылар мен студенттердің ағылшын тілін қаншалықты меңгергені жөнінде, сондай-ақ педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін тексеру үшін қолдануға болады. Тест білім беру саласы үшін арнайы жасалған: оны қолданыстағы нақты жүйелерге енгізіп, жергілікті жерлерде өткізуге болады, осы арқылы ағылшын тілі оқытушыларының тілдік құзыретін көтеруге және оқу бағдарламасын бағалауға мүмкіндік беріледі.  

Оқытушыларға арналған Aptis  жалпылай Aptis тесттері сияқты сол құрылым мен ұзақтықтан тұрады; алайда тест мазмұны оқытушылар үшін арнайы жасалып, сұрақтар ішінде оқытушылар күнделікті кездестіретін тақырыптар мен сценарийлер пайдаланылған. Осылайша кандидаттар  сұрақтардың мазмұнына емес, тілдік ерекшеліктерге көп көңіл бөлуге  мүмкіндік алады.  

ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН APTIS-ТІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚОЛДАУҒА БОЛАДЫ

Aptis тесттерін:

  • Дүние жүзі бойынша мектептерде ағылшын тілінен сабақ беретін оқытушыларды 
  • Дүние жүзі бойынша мектептерінде әртүрлі сабақ беретін оқытушыларды
  • Коммерциялық, ауқымды тілдік бағдарламаларда жұмыс істейтін ағылшын тілі оқытушыларды 
  • Педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін
  • Білім саласында еңбек ететін өзге де мамандарды тестілеу үшін пайдалануға болады

See also