Aptis for teens

Дүние жүзі бойынша ағылшын тілін мектепте  үйрену жасы төмендеп келеді. Сондықтан ағылшын тілі дағдыларына сәйкес сұраным өсіп келеді. Мектептер де,  ата-аналар да ағылшын тілін білу болашақта оқушы халықаралық оқу орындарында оқуы және халықаралық компанияларда жұмыс істеуі үшін қажет екенін жақсы  түсінеді. 

БҰЛ НЕ?

  • Жасөспірімдерге арналған Aptis – ол ағылшын тілін бағалаудың жаңа құралы, оны   British Council жасөспірімдерге таныс  тақырыптар мен сценарийлерге сәйкес жасап шығарды.
  • Жасөспірімдерге арналған Aptis (13-17 жасар бозбалалар мен қыздарға арналған) ағылшын тілінің ерекше дағдыларын бақылап, тез арада тест қорытындыларын алуға мүмкіндік береді. 
  • Жасөспірімдердің күнделікті өміріне жақын және соны сипаттайтын сұрақтар: әлеуметтік желілердегі белсенділік, үй жұмысын орындау, мектепшілік және спорттық іс-шараларға қатысу, мұның бәрі тестілеу тақырыбын жасөспірімдерге таныс етеді. Тестке  деген осындай заманауи тәсіл кандидаттардың тілдік дағдысын жан-жақты ашып бере алады. 
  • Жасөспірімдерге арналған Aptis-ті қазіргі қолданыстағы білім беру жүйесіне ендіріп, осылайша тілдік дайындық деңгейін және оның ілгерлеуін тиімді бағалауға болады. 

ТЕСТ КІМГЕ ЛАЙЫҚТАЛҒАН?

  • Бастауыш және жалпы білім беру орта мектептері
  • Дүние жүзі бойынша білім министрліктері
  • Тіл мектептері
  • Жеке репититорлар мен оқытушылар
  • Екі тілде сабақ беретін мектептер

ТЕСТ НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

  • Оқушыларды тілдік дайындық деңгейі бойынша бөле алады
  • Сертификацияланған емтихандар тапсыруға дайындықты бағалай алады
  • Шет елде отбасында тұрып оқу бағдарламасына дайындықты бағалай алады
  • Бағдарламаға өзгерістер енгізіп, көмек көрсету үшін оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтай алады
  • Оқыту бағдарламасын бағалай алады 
  • Оқушылардың ұзақ мерзімді оқу барысындағы жетістіктерін бағалай алады

 

Есептерді дайындау әдісі де өте икемді, баллдар жеке кандидаттар және топ бойынша да дайындалып беріледі.

Әрбір тілдік дағды бойынша тест барысында 0 ден 50 –ге дейінгі қорытынды балл қойылады және бұл балл көрсеткіштерін қызметкерлердің деңгейін анықтауда салыстырып, қайта тестілеу кезінде ілгерлеуді байқауға болады. Қорытынды балдан өзге әрбір дағды бойынша Шет тілін меңгерудің құзіреті жалпыевропалық жүйесі бойынша  А1 ден С-ге дейін баға беріледі. Егер сіз 4 дағды бойынша тест тапсырсаңыз, сізге CEFR шәкілі бойынша жалпы деңгей беріледі.