How to use Aptis

APTIS ТЕСТІН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ?

  • Тестің әкімшісі сіз боласыз: сіз тестті өзіңізге қолайлы уақыт пен ыңғайлы жерде өткізуіңіз үшін сізге қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етеміз. Сіз ілгерлеу барысын қадағалап, өзіңіздің жеке есептеріңізді әзірлей аласыз. 
  • Тестің әкімшісі біз болған жағдайда: біз сіздің кәсіпорын немесе ұйымда өздігінен тест өткізуге уақыт болмай қалу мүмкіндігін түсінеміз, сондықтан біз: компьютерлер дайындығынан бастап, тест қорытындыларына дейінгі бұл жұмысты өз мойнымызға аламыз.  Біз тіпті бақылаушыларды да шақырып, тест өткізудің қауіпсіз жағдайларын ұсына аламыз.

НӘТИЖЕЛЕР

Әр-бір тілдік дағды бойынша тест барысында 0 ден 50 –ге дейінгі қорытынды балл қойылады және бұл балл көрсеткіштерін қызметкерлердің деңгейін салыстыру үшін пайдалануға болады. Егер қызметкерлер белгілі бір уақыттан соң тесті қайта тапсыратын болса, алынған бағаларды қаншалықты ілгерлеу барын білу үшін қолдануға болады.

Тестілеу қорытындылары жеке кандидаттар немесе жалпылай топ бойынша беріледі. Осылайша, жекелеген қызметкерлер немесе бүкіл бөлім жұмысы көрсеткіштерін саралап шығуға болады.

Өткізудің әртүрлі нысандары

 Aptis тестін әртүрлі тәсілдермен өткізуге болады.

КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ТЕСТ ӨТКІЗУ 

Компьютердің көмегімен Аptis-ті өткізудің ең оңай жолы мынадай:

  • жұмыс орнында сізге ыңғайлы уақытта өткізіледі
  • компьютерлер мен планшеттерге арнап жасалған
  •  қызметкерлер мен кәсіпорынға ыңғайлы уақытта тест тапсыруға мүмкіндік береді
  • тестті жүктеп алып, оффлайн режимінде де тапсыра беруге болады
  • нәтижелердің тез шығарылуын қамтамасыз етеді
  • шығын аз кетеді 

ҚАЛАМ МЕН ҚАҒАЗДЫ ПАЙДАЛАНЫП ТЕСТ ӨТКІЗУ

Егер сіз бір емтихан кезінде көптеген адамды тестіден өткізетін болсаңыз, онда дәстүрлі қалам мен қағаздың көмегіне жүгінуге болады. Назар аударыңыз, ауызша тестті тек компьютердің көмегімен немесе телефон арқылы ғана өткізе аласыз.

Қалам мен қағазды пайдаланып өткізілетін тест: 

  • бір емтихан барысында көп адамды тестіден өткізуге  
  • тестті интернетке қосылмай-ақ  және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланбай-ақ  өткізуге 
  • компьютерлік машығы жоқ кандидаттарды тестілеуге мүмкіндік береді

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ТЕСТІЛЕУ

Біз сондай-ақ телефон арқылы Aptis ауызша тестіні ұсынамыз.  Бұл тесттің нұсқасы:

  • Тестті күрделі жағдайда өткізуге
  • Уақыты бойынша ыңғайлы
  • Интернетке қосылуды қажет етпейді
  • Егер сіздің бизнесіңіз кандидаттармен телефон арқылы әңгімелесіп,  адамды тыңдауға лайықталса онда нақты жағдайларда іскерлікті тексеруге көмегін тигізеді. 

Жылдам ұйымдастыру, үнемділік және нәтижесін шығарудың шапшаңдығы.

Сіздің тестілеу жөнінде өтініш берген  сәттен бастап тест қорытындысын біз 48 сағат ішінде сізге анықтап бере аламыз.  Сондай-ақ  British Council мамандары ауызекі сөйлеу мен жазу дағдысына тез арада баға береді. 

 ҮНЕМДІЛІК

Өзіңізге қажетті сынақтың бағасын білу үшін бізге хабарласыңыз

Келешегінен үміт күттіретін мамандарды анықтау ма, әлде қызметкерлеріңіздің тілдік құзірет деңгейіне баға беру ме? Қалай болғанда да Aptis сіздің  кәсіпорынның бағасын асыратын тиімді инвестиция болып саналады. Aptis:

  • Сіз үшін маңызды дағдыны бағалауға мүмкіндік береді
  • Тесттер пакеті неғұрлым көп болса, соған сәйкес баға шегерілімдері болады.
  • Төмен бағалар сізге қызметкерлерді келесіде тағы тесттен өткізуге мүмкіндік береді. Осылайша сіз уақыт өткен соң ілгерлеуді анықтай аласыз.

СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗДІҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ИКЕМДІЛІК.

  • Сізге қажет тілдік дағдыны таңдаңыз (жазу, оқу, ауызекі сөйлеу немесе тыңдап түсіну) немесе төртеуінің барлығын да таңдаңыз. Тесттерді өз салаңызға сәйкес бейімдеңіз: мысалы, коммерция, саяхат, туризм және білім беру саласы үшін. 
  • Жетілдіргіңіз келген өнеркәсіптік көрсеткіштерге аса мән беріңіз: бәсекеге қабілетті болып, беделіңізне нұқсан келмейді.

Әділеттілік пен қауіпсіздік.

Aptis ағылшын тілі дағдысын көрсеткен кандидаттардың бәріне бірдей мүмкіндік береді. Тест бейтарап мәдениетті тәсіл бойынша құралып, барлық кандидаттарға тілдік біліктілігін тестілеуде әділетті тұғырнама ұсынып отыр.

Aptis тестерінің сұрақтары әртүрлі және материал әрдайым жаңарып отырады.  Бұл бір-біріне жақын отырған кандидаттар бірдей сұрақтар алмайды деген сөз.

Нақты әрі сенімді нәтижелер

Біз ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалаумен 70 жыл бойы айналысып келеміз.

Aptis тестерінің баллдары нақты әрі сенімді: зерттеулер бойынша тесті қайта тапсырған кандидаттар қайта тура сондай балл алатынын, яғни біздің мамандардың жазу мен ауызекі сөйлеу бойынша бағаларына сәйкес келетінін нәтижелер көрсететінін анықтап берген. Біздің зерттеулерге арналған веб-парақшаға кіріңіз,  тіл дағдыларын тестілеу саласындағы ғылыми зерттеулер туралы нақтылап біліңіз.  

Алынған баллдар Шет тілдерін меңгеру құзыретінің жалпыевропалық жүйесіне (СЕFR) сәйкес келеді. Тест СЕFR-ге сәйкес сіз тестіленген әрбір дағды бойынша деңгейіңізді анықтап береді (а1-ДЕН С-ге дейін). Егер сіз барлық төрт дағдыны тестілейтін болсаңыз, жалпы СЕFR деңгейіне сәйкес келетін есепті аласыз. СЕFR шәкілі бүкіл дүниежүзі бойынша ағылшын тілін меңгерудің көрсеткіші болып саналады.