What is Aptis
  • Aptis сіздің ұйымдағы ағылшын тілінің деңгейіне қатысты  нақты әрі сенімді қорытындылар шығарып береді.  Бұл мамандарды таңдауда, тіл үйрету мен біліктілігін арттыруда салмақты шешім қабылдауға көмектеседі.
  • Aptis – бұл икемді тестілеу жүйесі, оның көмегімен сіз қызметкерлеріңіздің дайындық деңгейін тез арада қолжетімді бағамен анықтай аласыз.
  • Тест сондай-ақ  сіздің талаптарыңызға сай келетін дағдылардың нақты бағасын анықтап, тез арада қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

ТЕСТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ?

  • Aptis грамматика, сөздік қоры мен тілдік дағдылары және адамның білгенін (ауызекі тілі, жазуы, оқуы мен тыңдап түсінуін) тексереді. Тест тапсырған әр адам грамматика мен сөздік қорына қатысты тест тапсырады. Содан соң сіздің таңдауыңызбен тіл дағдылары бойынша тест тапсырады. 
  • Тесттер жалпы сұрақтардан басталып, сосын тапсырма күрделенеді. Тестің әр бөлігі ағылшын тілі деңгейін А1 ден С-ге дейін бағалап береді.   

СІЗГЕ ҚАЖЕТ APTIS ТЕСТІН ҚАЛАЙ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?

Сіз тілдің барлық дағдыларын (ауызекі тіл, жазу, оқу мен тыңдап түсінуін) немесе сіздің мекеме үшін маңызды бөлігін ғана бағалай аласыз.  

Мәселен, егер сіз қызметкерлермен жұмыс бойынша менеджер болсаңыз және кеңсеге мамандарды жалдау үшін жауап берсеңіз, онда сізге ағылшын тілінде  ауызекі тіл мен жазу дағдыларын тексеру маңызды болуы мүмкін. Алайда, сіздердің сізге ұстаздарыңыздың жан-жақты дағдысын бағалау қажет болса, онда барлық төрт дағдыны, яғни: ауызекі тіл, жазу, тыңдап түсінуі мен оқуын да тексеру керек болады.  

Біз Aptis-тің қай түрі сізге сәйкес келетінін ұсына аламыз.

 Тесттің мақсатына қарамастан – қызметкерлерді іріктеу, оқыту мен біліктілігін арттыру үшін, Aptis кез-келген талабыңызды ескереді.

APTIS НҰСҚАЛАРЫ

ЖАЛПЫ APTIS ТЕСТІ 

Жалпы Aptis тесті – тілдік дағдыны бағалайтын негізгі тест. Оны сіздің бизнесіңіз немесе ұйымыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеуге болады. Мысалы тест тақырыбы нақты сіздің салаға қатысты, сондай-ақ Aptis тесті сізге қажет тілдік дағдыларды бағалауы қажет болуы мүмкін (мысалы коммерция, саяхат, туризм). 

Aptis - Жоғары деңгей

Aptis дегеніміз ағылшын тілінде оқу, жазу,тыңдау және сөйлеу машығын инновационды түрде бағалау құралы. Ол ағылшын тілінің жоғары деңгейі (CEFR* B1-C2) тексерілуі керек жағдайлардағы тілдік құзыреттілікті тексереді.

ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН APTIS  

Оқытушыларға арналған Aptis білім саласында жұмыс істейтін мұғалімдер үшін, сіздің ұйымда  сабақ беру сапасын  арттыру үшін арнайы әзірленген. 

Оқытушыларға арналған Aptis жөнінде көбірек мағлұмат алыңыз.

 ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН APTIS  

Жасөспірімдерге арналған Aptis – бұл 13-15 жас аралығындағы бозбалалар мен қыздардың ағылшын тілін меңгеру дағдысын анықтауға арналған тест  болып табылады. Тест төмен жастағы топтың тілдік дағдыларын жетілдіруге байланысты талаптар ескеріле отырып құрастырылған.  

Жасөспірімдерге арналған Aptis туралы көбірек біліңіз.

Сыртқы сілтемелер