IELTS (International English Language Testing System) – бұл ағылшын тілі бойынша білімін сынаудың барынша көп қажет етілетін халықаралық жүйесі. Жыл сайын IELTS емтиханын 3 миллионнан астам адам тапсырады. 

IELTS сізге жаңа мүмкіндіктер ашады. Егер сіз емтиханды табысты түрде тапсырсаңыз, бұл сізге шетелде оқыған кезде немесе жұмыс істеген немесе басқа елге тұрғылықты көшетін кезде көмектеседі. Бүкіл дүние жүзінде 10,000 астам ұйым, соның ішінде үкіметтік мекемелер, оқу орындары және жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктер IELTS нәтижелерін мойындайды. 

Іс жүзінде IELTS – ағылшын тілін білетінін растау талап етілетін елдерге иммиграцияға кету үшін тапсырылуы талап етілетін ағылшын тілі бойынша бірден-бір сынақ. 

Ұлыбританияның Көші-қон және виза бойынша қызметіне (UKVI) өтінім беру үшін  ағылшын тілін білу деңгейіңізді растауыңыз қажет пе? IELTS сынағы UKVI бекіткен ағылшын тілін білу бойынша сынақтардың тізіміне  (Secure English Language Tests; SELT) кіреді. Тест туралы «Ұлыбританияға виза алуға және көшіп баруға арналған IELTS» секциямызда көбірек біліңіз.

IELTS емтиханына қазір тіркеліңіз

Британдық Кеңес IELTSемтиханының ортақтасы.

IELTS туралы көбірек біліңіз