Ұлыбританияның Көші-қон және виза бойынша қызметіне (UKVI) өтінім беру үшін  ағылшын тілін білу деңгейіңізді растауыңыз қажет пе?

IELTS сынағы UKVI бекіткен ағылшын тілін білу бойынша сынақтардың тізіміне  (Secure English Language Tests; SELT) кіреді. Егер UKVI қызметіне берілетін өтініммен бірге IELTS нәтижелерін ұсынуыңыз қажет болса, сіз UKVI бекіткен мамандандырылған орталықта сынақтан өтуге тиіссіз.

UKVI үшін IETLS сынағын тапсыру керек не керек емес екені және өту балдары туралы толығырақ білу үшін UKVI сайтын қараңыз.

Есіңізде болсын: Highly Trusted Sponsor (HTS) деген мәртебесі бар білім беру мекемесінде оқу үшін студенттік виза алуға (Tier 4 санаты) өтінім берген кезде, әуелі демеуші деген мәртебесі бар білім беру мекемелерінің ресми тізімімен танысып алыңыз.

Назар аударыңыз

Бізге Британ Кеңесінің IELTS-қа тіркеу жөніндегі алаяқтық веб-сайттар жайлы хабар түсті. Осы сайттардың Британ кеңесімен байланысы жоқ екендігін еске алуыңызды сұраймыз. Біз осы сайттардың мазмұны үшін жауапкершілікті көтермейміз.

Сіздердің деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тек келесі сілтеме бойынша, немесе TakeIELTS сайтында тіркелуіңізді сұраймыз.

Өзіңіздің жеке деректеріңізді енгізбес бұрын, сіздің біздің қауіпсіз онлайн-тіркеу жүйесін пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз.

Бұл үшін, сайттың мекенжайы «https://» әріптерінен басталатынына көз жеткізіңіз. Осыған қоса, алаяқтық сайттар веб-сайт мекенжайын жазылуының дұрыс емес нұсқаларын пайдалануы мүмкін, сондықтан әрдайым «British Council» жазбасының дұрыс жазылуын тексеріп отырыңыз.

Егер сенімсіз болсаңыз, IELTS-қа тіркелу үшін осы сілтемені пайдалануыңызды сұраймыз.

UKVI қызметі үшін тапсырылатын IELTS Academic

Сынақ жоғары оқу орнында немесе жоғары оқу орнынан кейін білім алуды жоспарлаған, сондай-ақ Ұлыбританияда кәсіптік біліктілігінің танылуынан үміттенетін кандиттар үшін әзірленген. Сынақ төрт модульден тұрады: тыңдау (Listening), оқу (Reading), жазу (Writing) және ауызекі сөйлесу машықтары (Speaking).

Жазылу
Өту баллын білу

UKVI қызметі үшін тапсырылатын IELTS GeneralTraining

Сынақ Ұлыбританияға көшіп баруды немесе жоғары оқу орнына дейін білім алуды жоспарлаған кандидаттар үшін әзірленген.Сынақ төрт модульден тұрады:тыңдау (Listening), оқу (Reading), жазу (Writing) және ауызекі сөйлесу машықтары (Speaking).

Жазылу
Өту баллын білу

IELTS Life Skills A1 

Сынақ UKVI қызметіне отбасылық виза, жұбай не зайып визасын немесе үйленбеген серіктестер визасын алуға өтінім беру үшін ағылшын тілінде сөйлесу мен ағылшын тілін түсіну машықтарын растауы қажет адамдар үшін әзірленген.

  • А1 деңгейі Тілді меңгерудің жалпы еуропалық шәкілі (CEFR) бойынша айқындалады және Ұлттық біліктілік жүйесінің (NQF) ESOL Entry 1 деңгейіне сәйкес келеді.
  • Сынақ екі модульден тұрады: сөйлесу машықтары (Speaking) және тыңдау (Listening).

Жазылу
Өту баллын білу

IELTS Life Skills B1

Сынақ UKVI қызметіне азаматтық алу немесе тұрғылықты мекендеу визасын алуға өтінім беру үшін ағылшын тілінде сөйлесу мен ағылшын тілін түсіну машықтарын растауы қажет адамдар үшін әзірленген.

  • B1 деңгейі Тілді меңгерудің жалпы еуропалық шәкілі (CEFR) бойынша айқындалады және Ұлттық біліктілік жүйесінің (NQF) ESOL Entry 3 деңгейіне сәйкес келеді.
  • Сынақ екі модульден тұрады: сөйлесу машықтары (Speaking) және тыңдау (Listening).

Жазылу
Өту баллын білу

IELTS сынағынан басқа мақсаттарда өту туралы ақпаратты сайттың басқа беттерінен қараңыз.