Тесті брондаудан бұрын

  1. Сіздің жарамды жеке куәлігіңіздің (паспорт немесе жеке куәлік) бар екеніне көз жеткізіңіз, себебі тесті брондаған кезде оның анық фотокөшірмесін жүктеуіңіз қажет болады. 18 жасқа толмаған үміткерлер тест орнына өтініш беру үшін ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімін беру қажеттігін ескеріңіз.
  2. Тест үлгісі, сұрақ түрлері мен тест нәтижелері туралы маңызды ақпаратты қамтитын Үміткерлерге арналған ақпаратты жүктеп алыңыз және оқып шығыңыз. IELTS тесті 16 жасқа толмаған балалардың тапсыруына ұсынылмайтынын ескеріңіз. 
  3. Тестке ақы төлеңіз. Тесті біздің онлайн тіркеу жүйемізде немесе банк аударымы арқылы төлеуге болады (British Council-дың банк деректемелері). Төлемнің Reference Section (Анықтамалық) бөлімінде келесі ақпаратты толтырыңыз: [IELTS / тегі / қаласы / тест күні / reference number].

Қағаз жүзіндегі IELTS тестін брондаңыз.

Егер сіз IELTS қағаздағы сынағын таңдасаңыз, сіз тыңдау, оқу және жазу бөлімдерінің сұрақтарының жауабын қағазға жазасыз. 

Электрондық IELTS тестін брондаңыз.

Егер сіз компьютерлік IELTS сынағын таңдасаңыз, сіз тыңдау, оқу және жазу бөлімдерін компьютерде тапсырасыз.

UKVI қызметіне арналған IELTS тестін брондаңыз

Ұлыбритания визаларын алуға және иммиграцияға арналған арнайы IELTS тесті бар. Ұлыбританияда жұмыс істеуді, оқуды немесе өмір сүруді көздесеңіз, осы тесті тапсыру қажет.

IELTS тесті күнін растау

Тест болатын күннен 7 күн бұрын Сіздің эл.поштаңызға тест жайлы толық ақпарат жіберіледі. Егер Сіз растайтын хатты немесе уақыт кестесін тест болатын күннен 7 күн бұрын алмасаңыз, бізге дереу хабарласыңыз.Барлық шағымдар 7 күн ішінде немесе 7 күннен кейін қабылданбайды. 

Сөйлесу тесті тестің басқа бөлімдерімен бір күнде немесе негізгі тест күніне дейін не одан кейінгі 7 күн ішіндегі басқа күнге жоспарлануы мүмкін. Тест орталығы сізге сөйлесу тестінің күні белгіленген растау хатын жібереді.

Тесті брондаудан кейін сізге тегін онлайн курсқа қатынасу кодтары бар электрондық хат автоматты түрде жіберіледі: Road to IELTS.

Сондай-ақ, Test Taker Portal (Тест тапсырушы порталы) жүйесіне кіруге арналған IELTS анықтамалық нөмірі жіберіледі. Сол себепті тесті брондау кезінде электрондық пошта мекенжайыңыздың дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

British Council Kazakhstan ұпайлар көрсетілген IELTS сертификаттарды сіз атап көрсеткен оқуға  түсетін білім беру мекемелеріне, мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдарға жіберуді ұсынады.

Егер қажетті білім беру мекемесінің IELTS сертификатын Тексеру қызметіне кіруге рұқсаты болса, онда сертификатыңызды осы ұйымдарға электронды түрде тегін жібере аламыз. Мекемелер сертификаттағы нөмірді пайдалана отырып, сіздің ұпайларыңызды біле алады. Ол құжаттың төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі.

Бұл мүмкіндікті сертификатты осында көрсетілген ұйымдарға жіберу кезінде пайдалана аласыз. Ол үшін мекеменің толық пошталық мекен-жайын міндетті түрде көрсету қажет.

Мекен-жайды толық жазбасаңыз, мекеменің IELTS сертификатын электрондық сертификатты жібергеннен кейін нәтижелерді көруге мүмкіндік беретін Тексеру қызметіне кіретінін тексере алмай қаласыз. 

Мекеменің IELTS сертификатын Тексеру қызметіне кіруге рұқсаты жоқ болған  жағдайда, сертификатты пошта арқылы өз қаражатыңызбен жібере аласыз. Курьер жөнелтімді алып кететін мекен-жай:

British Council
Жолдасбеков көш., 97
Самал-2, Самал Тауэрс
A-2 блок, 11 қабат
050051, Алматы
Қазақстан
Т.: +7 (727) 244 41 44
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00 - 18:30 (үзіліссіз)
 

Сертификаттың дайын болғаны туралы растауды алғаннан кейін, сіз кез келген курьерлік қызметті таңдап, біздің кеңсеге курьерді шақыра аласыз. Төлем құны мен төлем тәртібі сертификат иесі мен курьерлік қызметі арасында өзара дербес келісіледі. Сертификат курьер кеңсеге келген соң, кеңсенің жұмыс уақытында ғана берілуі мүмкін.

Егер кандидат сертификатты курьерге беру кезінде қатыспайтын болса, курьерге сол сертификат иесінің аты-жөнін хабарлау міндетті.

Оқу орындары, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар сертификатыңыздың түпнұсқалық көшірмелерін ғана қабылдайды. Біз жіберуге арналған сертификаттардың ксерокөшірмесін бермейміз, себебі сертификатты қабылдаушы ұйымдар ксерокөшірмелерді қабылдамайды.