IELTS тестінен бас тарту

Тест өтетін күннен бес апта бұрын IELTS тестінен бас тартсаңыз, сізге тест төлемінің 25% құрайтын әкімшілік алымы ұсталған төлемнің қалған бөлігі қайтарылады.

Төлемді қайтару үрдісі төрт-алты аптаға созылатынын ескеріңіз.

Біздің ақшаны қайтару туралы саясатымызбен танысыңыз.

Сіз келесі жағдайларда емтиханға төленген ақшаны қайтара аласыз:

  • Егер сіз емтихан тапсыратын күннен кем дегенде бес апта бұрын тіркелудің күшін қайтарсаңыз, сізге  25%  мөлшеріндегі әкімшілік алым шегеріліп, төлеген сомаңыз қайтарылады. 
  • Егер сіз емтихан күнінен бес апта бұрын тіркеуден бас тартсаңыз, емтихан ақысы тек қана растаушы құжаттарды ұсынған жағдайда қайтарылады. Бұл жағдайда, ақшаны қайтару туралы немесе емтихан күнін өзгерту туралы нысандытолтырыңыз, банк деректемелеріңіздің нысанын және тиісті құжаттарды емтихан күнінен кейін бес күн ішінде тапсырыңыз.

Сырқаттану туралы отбасы мүшелері жазған парақ қабылданбайтынын ескеріңіз.

Тест күнін ауыстыру бойынша өтінім

Бастапқыда брондалған тест күнін өзгерту қажет болса, тест өтетін күннен бес апта бұрын тест күнін ауыстыру бойынша тегін өтінім білдіруге болады.

Жаңа тест күні бастапқы тест өтетін күннен бастап үш ай ішінде болуы тиіс екенін ескеріңіз. Сырқаттанған жағдайда, медициналық анықтаманың түпнұсқасы тест өткен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде "Төлемді қайтару туралы өтінім" немесе "Тест күнін ауыстыру" үлгісімен бірге жіберілсе, тест күнін бес апта ішіндегі күнге ауыстыруға болады.

Жаңа тест күніне ауысу өтінімі қабылданғаннан кейін (тестен бұрын немесе сырқаттануға байланысты), екінші тест күні сырқаттанып қалсаңыз, тест төлемін қайтару және жаңа тест күніне ауысу құқығын жоғалтасыз.

Өз емтиханыңыздың тапсыру күнін өзгерткіңіз келсе, алдыменен біздің емтихан тапсыру күнін ауыстыру туралы саясатымызбен танысыңыз.

Емтихан тапсыру күнін ауыстыру үшін бес немесе одан көп апта қалғанда Емтиханның күнін басқа күнге ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырып, бізге жіберіңіз. 

Сіз келесі жағдайларда емтихан тапсыру күнін өзгерту аласыз:

  • Егер сіз емтихан тапсыратын күнді кейінге ауыстыру туралы өтінімді бастапқы белгіленген емтихан күніне бес немесе одан көп апта қалғанда берсеңіз, экзаменнің толық құнынан 25% мөлшерінде әкімшілік алымын төлеуге тиіссіз. 
  • Емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берілген кез келген өтінімдер емтиханнан бас тарту деп саналады. Мұндай жағдайда тек егер сіз дәлелді растаушы құжаттарды көрсетсеңіз ғана емтихан кейінге қалдырылуы мүмкін. Өтінім беру үшін Емтиханның күнін басқа күнге ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырып жіберіңіз.

IELTS UKVI және IELTS Life Skills тестерінеде осы берілген процедуралар жатады.