Емтиханды болдырмау

Егер сіз емтихан күніне дейін кем дегенде екі апта бұрын тіркеудің күшін жойсаңыз, сіздің төлеген сомаңыз 25% мөлшеріндегі әкімшілік алым шегеріліп қайтарылады.

Төлемақыны қайтару процесі төрт аптадан алты аптаға дейін уақыт алуы мүмкін екенін назарға алуыңызды сұраймыз.

Егер сіз емтихан төлемақысының қайтарылуын қаласаңыз, онда өтінім жолдамас бұрын біздің ақшаны қайтару жөніндегі саясатымызбен танысып шығуыңызды өтінеміз.

Емтиханды болдырмайтын жағдайда: 

  • Егер сіз емтихан күніне дейін кем дегенде екі апта бұрын тіркеудің күшін жойсаңыз, сіздіңтөлеген сомаңыз 25% мөлшеріндегі әкімшілік алым шегеріліп қайтарылады.
  • Егер сіз емтихан күніне дейін қалған екі апта ішінде тіркеудің күшін жойсаңыз, төленген сома растайтын құжаттардың негізінде ғана қайтарылады. Бұл жағдайда Ақшаны қайтару жөніндегі пішімді және Сіздің банктік деректемелеріңіз көрсетілген пішімді толтырыңыз да, растайтын құжаттарды қоса тіркеңіз. Өтінімді және растайтын құжаттарды емтихан күнінен кейін екі күннен кешіктірмей  жолдау қажет.

Кандидаттың туыстары берген ауруы туралы анықтамаларды қабылдамайтынымызды назарға алуыңызды сұраймыз.

Емтихан күнін ауыстыру

Емтихан күні басқа күнге ауыстырылатын жағдайда IELTS сынағын бастапқы күнінен кейінгі үш сессияның бірінде ғана тапсыруға болады. Егер үміткер тестті үш айдан астам уақытқа кейінге қалдыруды қаласа, ол ақшаны қайтару үшін өтініш беруі керек, содан кейін тестке қайта тіркелуі керек.

Егер сіз емтихан күнін басқа күнге ауыстыруды қаласаңыз, онда өтінім жолдамас бұрын біздің емтихан күнін ауыстыру жөніндегі саясатымызбен танысып шығуыңызды өтінеміз.

Емтихан басқа күнге ауыстырылған жағдайда сіздің өзіңіз тіркелген емтиханның күніне дейін кем дегенде екі апта бұрын бізге хабарлауыңыз қажет. Ол үшін Емтихан күнін ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырыңыз. 

Емтихан күні ауыстырылған жағдайда: 

  • Егер сіз емтихан күніне дейін кем дегенде екі апта бұрын тіркеудің күшін жойсаңыз, емтихан басқа күнге ауыстырылады. Бұл орайда емтихан құнының 25%-ы мөлшерінде әкімшілік алым алынады.
  • Емтихан өткізілетін күнге дейін екі аптадан аз уақыт ішінде жіберілген Емтихан күнін ауыстыруға өтінімдер оны болдырмау амалы болып есептеледі, және емтихан төлемақысын қайтару растайтын құжаттардың негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Емтихан күнін ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырыңыз және растайтын құжаттарды қоса тіркеңіз. Өтінімді және растайтын құжаттарды емтихан күнінен кейін екі күннен кешіктірмей жолдау қажет.