Ұлыбританияның Көші-қон және виза бойынша қызметіне (UKVI) өтінім беру үшін  ағылшын тілін білу деңгейіңізді растауыңыз қажет пе?

IELTS сынағы UKVI бекіткен ағылшын тілін білу бойынша сынақтардың тізіміне  (Secure English Language Tests; SELT) кіреді. Егер UKVI қызметіне берілетін өтініммен бірге IELTS нәтижелерін ұсынуыңыз қажет болса, сіз UKVI бекіткен мамандандырылған орталықта сынақтан өтуге тиіссіз.

UKVI үшін IETLS сынағын тапсыру керек не керек емес екені және өту балдары туралы толығырақ білу үшін UKVI сайтын қараңыз.

Есіңізде болсын: Highly Trusted Sponsor (HTS) деген мәртебесі бар білім беру мекемесінде оқу үшін студенттік виза алуға (Tier 4 санаты) өтінім берген кезде, әуелі демеуші деген мәртебесі бар білім беру мекемелерінің ресми тізімімен танысып алыңыз.

ДУШАНБЕ, ТӘЖІКСТАН 

Душанбе қаласында IELTS Life Skills (A1/B1 модульдері) –  2019 жылғы 05 сәуірде, UKVI қызметіне арналған IELTS Academic 2019 жылғы 06 сәуірде өткізіледі.

Екі сынақты ұйымдастырушы – Қазақстандағы British Council. Өткізілетін жері: Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы, Орталық Азия Университеті, 47А.

Аталған емтихан модульдерінен өту бойынша кандидаттар біздің сайтымызда немесе тікелей сілтемесі арқылы тіркелуге тиіс.

UKVI қызметіне арналған IELTS сынағының құны – 200 фунт стерлинг, IELTS Life Skills – 150 фунт стерлинг. Төлемақы тіркелу кезінде интернет арқылы төленеді.

Емтихан күндері:

Life Skills: UKVI: Дэдлайн:
05 сәуір 2019 ж. 06 сәуір 2019 ж.  01 сәуір 2019 ж.
  • UKVI қызметіне арналған IELTS Academic жоғары білім алуды және жоғары оқу орнынан кейін білім алуды жоспарлайтын, сондай-ақ Ұлыбританияда кәсіби біліктілігінің танылуынан үміткер кандидаттар үшін әзірленген.
  • UKVI қызметіне арналған IELTS General Training Ұлыбританияға көшіп баруды немесе жоғары оқу орнына дейін білім алуды жоспарлаған кандидаттар үшін әзірленген.
  • Life Skills A1 сынағы отбасылық виза, ерлі-зайыпты визасын немесе үйленбеген серіктестерге арналған виза алуға UKVI қызметіне өтініш беру үшін ауызекі ағылшын тілі мен ағылшын тілін тыңдап түсіну машықтарын растауы қажет адамдар үшін әзірленген.
  • Life Skills B1 сынағы виза алуға азаматтық немесе тұрғылықты қоныстану визасын алуға UKVI қызметіне өтініш беру үшін ауызекі ағылшын тілі мен ағылшын тілін тыңдап түсіну машықтарын растауы қажет адамдар үшін әзірленген.