Егер IELTS емтиханын тапсырайын деп жүрсеңіз және сізге оған дайындалу жағынан көмек керек болса, біз сізге жәрдем бере аламыз. «Success in IELTS» атты тегін вебинарға тіркеліңіз: емтихан кезінде қандай жағдай болуы мүмкін екені туралы білесіз әрі сынақтың төрт бөлімінің (тыңдау, оқу, жазу және ауызекі сөйлесу) әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстамалар аласыз. Вебинар ағылшын тілінде өткізіледі және шамамен 90 минутқа жалғасады. Сіздің нұсқаушымен ауызекі сөйлесіп, сұрақ қоюға мүмкіндігіңіз болады. Егер тіркелсеңіз, бірақ вебинарға қатыса алмасаңыз, біз сізге вебинардың жазылып алынған нұсқасының сілтемесін жібереміз.

ТІРКЕЛУ

Вебинарға мүмкіндігінше ертерек тіркелу жөн болады, себебі қатысушылар саны шектеулі, сондықтан орындар тіркелу ретіне сәйкес үлестіріледі.

Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға қосылу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар берілген растау хабары электрондық пошта арқылы жіберіледі. Вебинарға бір күн қалғанда біз сізге еске салу хабарын жолдаймыз.

Егер IELTS емтиханы немесе вебинар туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.

АЛДАҒЫ ВЕБИНАРЛАР

КҮНІ

ТАҚЫРЫП

3 желтоқсан 2019 | 18.30 Success in IELTS – Reading and Writing
10 желтоқсан 2019 | 18.30 Success in IELTS – Listening and Speaking