IELTS registration image

IELTS емтиханың Алматы | Астана | Атырау қалаларында тапсырыңыз

Тіркеуден бұрын төменде берілген ақпаратты мұқият оқып шығыңыз.

Бұл бетте сіз:

  • Тесттің қай нұсқасы сізге лайықты 
  • Онлайн тіркелуге арналған платформаны қалай пайдалануға болады
  • Тесттің төлемін қалай жүргізуге болады
  • Арнайы қызмет көрсетуге ұсыныс жасауға, ақыны қайтаруға немесе емтихан тапсыру күнін өзгертуге қалай өтініш жасауға болатынын біле аласыз

1. Үміткерлерге арналған ақпаратпен танысып шығыңыз

Үміткерлерге арналған ақпарат құжатын жүктеп алып, оқып шығыңыз. Құжатта емтихан өткізу пішімі, сұрақтардың тұрпаттары және сынақтың нәтижелері туралы маңызды ақпарат қамтылған.

IELTS емтиханын 16 жасқа толмаған үміткерлердің тапсырмағаны жөн екеніне назар аударуыңызды өтінеміз.

2. Сізге сынақтың қандай нұсқасының қолайлы келетінін шешіңіз

IELTS сынағының екі нұсқасы бар:

  • Академиялық IELTS - жоғары білім алуды жоспарласаңыз (бакалавриат немесе магистратура / докторантура бойынша оқуға түсу); немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елде кәсіби ұйымға қосылуға ниет білдірсеңіз, онда тесттің осы нұсқасын тапсыру қажет.
  • Жалпы IELTS - егер сіз тренинг немесе тағылымдамадан өтуді жоспарласаңыз, орта білім алуға немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елге қоныс аударғыңыз келсе, онда тесттің осы нұсқасын тапсыру керек.

IELTS тестінің қандай нұсқасын тапсыру керек екендігіне сенімді болмасаңыз, сертификатты талап ететін ұйымға тікелей хабарласыңыз. Олар сізге тесттің қай нұсқасын тапсыру қажет екендігін айтып береді.

3. IELTS емтиханы өткізілетін күндерді біліп алыңыз

Емтихан күндері, төлемі және өтетін жері.

Listening, Reading және Writing бөлімдері бір күнде өтеді. Speaking бөлімі тек негізгі емтихан күніне дейін жеті күн бұрын немесе негізгі емтиханнан кейінгі күні орын алады. Ауызша емтиханның (Speaking бөлімі) күні мен уақытының өзгертілмейтінін есте сақтаңыз. Егер сіз ауызша емтиханның белгіленген күніне қатыса алмасаңыз, онда бұл туралы бізге негізгі емтихан күнінен 14 күн бұрын хабарлауыңызды өтінеміз.

4. Онлайн тіркелу

Онлайн тіркелу жүйесі арқылы емтиханнан орынға тапсырыс беріңіз.  

Онлайн тіркелу кезінде жеке куәлігіңіздің (жеке бас куәлігі немесе Қазақстан азаматының паспорты, және шетелден келген кандидаттар үшін шетелдік паспорт) сканерленген көшірмесін жүктеу қажет. Тіркелу үшін төмендегі 5-тармақта көрсетілгендей құжатты дайындаңыз.

Сіз төмендегі 6-тармақта көрсетілгендей, онлайн тіркелу немесе банк аударымы арқылы төлем жасай аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін 6-тармақтағы ақпаратты оқып шығуды ұсынамыз.

Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, емтиханға ата-аналар / қамқоршылардың келісу формасын жүктеп, басып шығарыңыз. Ата-аналар немесе заңды қамқоршылар қол қойған нысанды өзіңізбен бірге емтиханның ауызша немесе жазбаша бөліміне алып келу қажет.

5. Құжатты жүктеуге арналған нұсқаулық

Онлайн тіркелу үшін пайдаланылатын жеке басты куәландыратын құжатыңыздың (Қазақстан азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты немесе шетелден келген үміткерлердің шетелдік төлқұжаты) электрондық көшірмесі қолыңызда бар екеніне көз жеткізіңіз. Емтихан тапсыратын күні дәл сол құжатты көрсету керек болатынын ескеріңіз. 

Біз сізге келесі ақпаратты мұқият оқып шығуды ұсынамыз, себебі құжатты дұрыс жүктемеген болсаңыз, онлайн тіркелуіңіз қабылданбауы мүмкін. Емтихан күнінде сол құжаттарды тапсыру керек екендігіне назар аударыңыз.

Жүйеге дұрыс жүктеу үшін файлдың техникалық сипаттамалары:

 

  • сканерленген құжат 1600 × 1600 пиксельден аз болуы керек
  • файл өлшемі 1,5 Мб немесе одан аз болуы керек
  • JPEG, GIF немесе PNG файл түрлері.

 

Егер сіз онлайн тіркеліп, бірақ жеке басты куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін Онлайн тіркелу жүйесіне жүктеп салмаған болсаңыз, құжаттың көшірмесін тіркелгеннен кейін үш күн ішінде бізге салып жіберуге тиіс боласыз.  Тіркелген кезде пайдаланылған жеке басты куәландыратын құжатыңызды сканерден өткізіп, 3 Мб-тан аспайтын көлемде jpeg пішімінде сақтаңыз да, exams@kz.britishcouncil.org мекенжайына жолдаңыз. 

Маңызды 

  • «Тақырып» жолағында толық аты-жөніңіз бен таңдалған емтихан күнін көрсетіңіз. 
  • Құжаттың көшірмесі сақталған файлды былайша атаңыз: (аты)_(тегі)_(емтихан күні).jpg. 

6. Төлем тәсілін таңдаңыз

Төлемді төмендегі тәсілдердің бірімен жасауға болады:

  • Онлайн тіркеу кезінде Visa / MasterCard карточкалары арқылы
  • Банкаралық ақша аударым 

Назар аударыңыз, төлем тек қана қазақстандық теңгемен жүзеге асырылады.

Онлайн режимінде ақы төлегенде сіздің дебеттік / кредиттік картаңызда интернетте төлем жүргізу функциясы бар екеніне және картаның онлайн төлем шегі емтиханға төленетін ақыдан төмен емес екеніне көз жеткізіңіз.

Егер сіз банкаралық ақша аударым арқылы төлем жүргізгіңіз келсе

Егер сіз банктік аударым арқылы төлем жүргізуге шешім қабылдасаңыз, онлайн тіркелуден кейін сіздің электрондық поштаңызға төлем жүргізу туралы толық ақпарат жіберіледі

7. Тіркеуді аяқтаңыз

Тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сізге электрондық пошта арқылы тіркелгеніңізді растайтын хат келеді. 

Егер сіздің жеке басты растайтын құжатыңыз қабылданбаса, сізге электрондық пошта арқылы жеке басты растайтын құжатты қайтадан қалай жүктеп салуға болатыны туралы нұсқаулар жазылған хат келеді. 

Деректері түгел жазылмаған өтінімдер ресімдеуге қабылданбайды. 

Нәтижелердің көшірмелері

Егер сіз нәтижелеріңізді университеттерге немесе басқа да оқу орындарына жібергенімізді қаласаңыз, керекті мекенжайларды онлайн-тіркеу пішінінің тиісті жолдарына жазыңыз. Біз бір студент үшін нәтижелердің ең көбі бес данасын дайындай аламыз.

8. Тіркеуден кейін

Тіркеу расталғаннан кейін сіздің электрондық мекенжайыңызға сіздің онлайн-курсқа қол жеткізетін кодыңыз жазылған хат жіберіледі: Road to IELTS.

Емтиханға дейін жеті күн бұрын біз электрондық поштамен сізге хат жолдап, емтиханның өткізілетін уақыты мен мекенжайын хабарлаймыз. 

Speaking бөлімі тек негізгі емтихан күніне дейін жеті күн бұрын немесе негізгі емтиханнан кейінгі күні орын алады. Ауызша емтиханның (Speaking бөлімі) күні мен уақытының өзгертілмейтінін есте сақтаңыз. Егер сіз ауызша емтиханның белгіленген күніне қатыса алмасаңыз, онда бұл туралы бізге негізгі емтихан күнінен 14 күн бұрын хабарлауыңызды өтінеміз.

Қосымша ақпарат алу үшін емтихан бөліміне хабарласыңыз.

9. Ақшаны қайтару

Біздің ақшаны қайтару туралы саясатымызбен танысыңыз.

Сіз келесі жағдайларда емтиханға төленген ақшаны қайтара аласыз:

  • Егер сіз емтихан тапсыратын күннен кем дегенде бес апта бұрын тіркелудің күшін қайтарсаңыз, сізге 25 пайызы мөлшеріндегі әкімшілік алым шегеріліп, төлеген сомаңыз қайтарылады. 
  • Егер сіз емтихан күнінен бес апта бұрын тіркеуден бас тартсаңыз, емтихан ақысы тек қана растаушы құжаттарды ұсынған жағдайда қайтарылады. Бұл жағдайда, ақшаны қайтару туралы немесе емтихан күнін өзгерту туралы нысанды толтырыңыз, банк деректемелеріңіздің нысанын және тиісті құжаттарды емтихан күнінен кейін бес күн ішінде тапсырыңыз.

10. Емтихан тапсыру күнін ауыстыру

Өз емтиханыңыздың тапсыру күнін өзгерткіңіз келсе, алдыменен біздің емтихан тапсыру күнін ауыстыру туралы саясатымызбен танысыңыз.

Емтихан тапсыру күнін ауыстыру үшін бес немесе одан көп апта қалғанда Емтиханның күнін басқа күнге ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырып, бізге жіберіңіз. 

Сіз келесі жағдайларда емтихан тапсыру күнін өзгерту аласыз:

  • Егер сіз емтихан тапсыратын күнді кейінге ауыстыру туралы өтінімді бастапқы белгіленген емтихан күніне бес немесе одан көп апта қалғанда берсеңіз, экзаменнің толық құнынан 25 пайызы мөлшерінде әкімшілік алымын төлеуге тиіссіз. 
  • Емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берілген кез келген өтінімдер емтиханнан бас тарту деп саналады. Мұндай жағдайда тек егер сіз дәлелді растаушы құжаттарды көрсетсеңіз ғана емтихан кейінге қалдырылуы мүмкін. Өтінім беру үшін Емтиханның күнін басқа күнге ауыстыруға өтінімнің пішінін толтырып жіберіңіз.

11. Айрықша жағдайлар жасау

IELTS сынағы сіздің мүмкіндіктеріңіздің қандай да бір шектелуіне қарамастан, сіздің ағылшын тілін меңгеру машықтарыңыздың әділ және объективті түрде бағалануын қамтамасыз етеді.

Егер сізге емтихан тапсыру үшін айрықша жағдайлар керек болса, біз оларды қамтамасыз етеміз. Мысалы, біз көзінің көруі, естуі бұзылған немесе дислексиясы бар адамдарға емтихан тапсыруға көмектесеміз.

Ерекше жағдайлардың жасалуына өтінімді қалай беру керектігін білу үшін, емтихан өтетін күнге дейін үш ай бұрын бізге хабарласыңыз

See also