Кандидат IELTS емтиханының төрт бөлігінің біреуінде болмаған жағдайда (қағаздағы, компьютерлік және UKVI нұсқаларына қатысты) тест нәтижелері кандидатқа жіберілмейді.

Нәтижелерді қай уақытта алуға болады?

IELTS тест нәтижелерін білу үшін ұзақ уақыт күту қажет емес. 

Test Taker порталына тіркеліп, нәтижелерді алдын ала көруіңізге болады. IELTS нәтижелері онлайн режимінде 28 күн бойы қолжетімді болады, бірақ оны тестке қатысудың ресми дәлелі ретінде пайдалануға болмайды. IELTS UKVI және IELTS Life Skills тестердің нәтижелері онлайн режимінде көрсетілмейді.

Қағаз жүзіндегі тестті орындаған болсаңыз, өз нәтижелеріңізді тестілеу күнінен 13 күнтізбелік күн өткен соң алдын ала көруіңізге болады.

Электрондық тесті орындаған болсаңыз, өз нәтижелеріңізді тестілеу күнінен бес-жеті күнтізбелік күн өткен соң алдын ала көруіңізге болады.

Егер сертификатыңызды өзіңіз алып-кете алмасаңыз, үшінші тұлғаның атына сенімхат жазып, сіздің орныңызға алып кетуін сұрай аласыз. 

Нәтижелердің материалдық көшірмесін қашан алуға болады?

Сіз сондай-ақ өз нәтижелеріңізді емтиханның негізгі күнінен кейін 13 күн өткенде Алматы немесе емтиханның негізгі күнінен кейін 17 күн өткенде Нұр-Cұлтандағы біздің офистен өзіңіз ала аласыз. Сертификатты алу үшін төлқұжатыңызды немесе жеке куәлігіңізді ұсынуға тиіссіз.

IELTS нәтижелері телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарланбайды.

British Council Kazakhstan ұпайлар көрсетілген IELTS сертификаттарды сіз атап көрсеткен оқуға  түсетін білім беру мекемелеріне, мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдарға жіберуді ұсынады.

Егер қажетті білім беру мекемесінің IELTS сертификатын Тексеру қызметіне кіруге рұқсаты болса, онда сертификатыңызды осы ұйымдарға электронды түрде тегін жібере аламыз. Мекемелер сертификаттағы нөмірді пайдалана отырып, сіздің ұпайларыңызды біле алады. Ол құжаттың төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі.

Бұл мүмкіндікті сертификатты осында көрсетілген ұйымдарға жіберу кезінде пайдалана аласыз. Ол үшін мекеменің толық пошталық мекен-жайын міндетті түрде көрсету қажет.

Мекен-жайды толық жазбасаңыз, мекеменің IELTS сертификатын электрондық сертификатты жібергеннен кейін нәтижелерді көруге мүмкіндік беретін Тексеру қызметіне кіретінін тексере алмай қаласыз. 

Мекеменің IELTS сертификатын Тексеру қызметіне кіруге рұқсаты жоқ болған  жағдайда, сертификатты пошта арқылы өз қаражатыңызбен жібере аласыз. Курьер жөнелтімді алып кететін мекен-жай:

British Council
Жолдасбеков көш., 97
Самал-2, Самал Тауэрс
A-2 блок, 11 қабат
050051, Алматы
Қазақстан
Т.: +7 (727) 244 41 44
Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00 - 18:30 (үзіліссіз)
 

Сертификаттың дайын болғаны туралы растауды алғаннан кейін, сіз кез келген курьерлік қызметті таңдап, біздің кеңсеге курьерді шақыра аласыз. Төлем құны мен төлем тәртібі сертификат иесі мен курьерлік қызметі арасында өзара дербес келісіледі. Сертификат курьер кеңсеге келген соң, кеңсенің жұмыс уақытында ғана берілуі мүмкін.

Егер кандидат сертификатты курьерге беру кезінде қатыспайтын болса, курьерге сол сертификат иесінің аты-жөнін хабарлау міндетті.

Оқу орындары, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар сертификатыңыздың түпнұсқалық көшірмелерін ғана қабылдайды. Біз жіберуге арналған сертификаттардың ксерокөшірмесін бермейміз, себебі сертификатты қабылдаушы ұйымдар ксерокөшірмелерді қабылдамайды.

IELTS нәтижелерінің қосымша көшірмелерін ала алам ба?

Тест орталығыңыз жабылып қалған болса, емтихан нәтижелерінің қосымша түпнұсқасына ielts.org сайтынан тапсырыс бере аласыз.

Екі жыл ішінде сіз сертификаттардың куәландырылған түпнұсқа даналарын сертификаттарды танитын ұйымдарға жіберу туралы өтінім бере аласыз (өзіңіз емтихан тапсырған орталыққа). Бұл үшін төмендегі әрекеттерді іске асыру керек: 

1. Қосымша сертификатты рәсімдеу үшін өтініш толтырыңыз. Бір қосымша сертификаттың құны - 2 750 теңге. Сертификат төлемақысын біздің банк шотымызға жіберіңіз. Төлемақыны кез-келген банкте өткізуге болады. 

2. Қосымша сертификатты екі түрлі жолмен жіберуге болады: электронды және пошта арқылы. Электронды сертификатты жіберген жағдайда, 1 және 3-тармақтарды ғана басшылыққа алыңыз.

3. Төменде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберіңіз:

  • Қосымша сертификат беру туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • банктік аударым (төлемақы) туралы түбіртек.

4. Қосымша сертификат 3 жұмыс күні рәсімделеді. Өтініш өңделгеннен кейін сізге телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарласады. Электрондық сертификатты жіберген жағдайда сертификат үшінші жұмыс күні кандидатты хабардар етусіз жіберіледі. 

5. Сертификатты пошта арқылы жіберу кандидат есебінен жүзеге асырылады. Сіз кез-келген курьерлік қызметті таңдап, өтінішіңіз өңделгеннен кейін біздің кеңсеге курьерді шақыра аласыз. Пошта құны мен төлеу тәртібі кандидатпен курьерлік қызмет арасында өзара келісіледі. Курьерді тек жұмыс уақытында ғана шақыра аласыз (Mon-Fri, 9.00 - 18.30).

6. Курьер кеңсеге келгенде, сертификат емтихан бөлімі қызметкерінен тікелей курьерге табыс етіледі. Кандидат сертификатты тапсыру кезінде қатыспаған жағдайда, курьер кандидаттың атын хабарлауға міндетті.

7. Мекемелер кандидаттың ұпайын растау үшін IELTS сертификациялау қызметімен байланыса алады. Мекемелерге ұпайды растау үшін сертификат нөмірі қажет.Сертификат нөмірі сертификаттың төменгі оң жақ бұрышында көрсетілген.

IELTS нәтижесінің балдары нені білдіреді?

Әрбір бөлім үшін IELTS балдарының жалпы самасы 0–9 аралығында болатын, сіздің ағылшын тілін білу деңгейіңізді білдіретін балл мөлшерімен бағаланасыз.

Сіздің TRF сертификатыңызда төрт дағдының әрбіреуі үшін (тыңдау, оқу, жазу және сөйлесу балдары, сондай-ақ жалпы балл көлемі көрсетілген. Тестің әрбір бөлімі үшін сізге бүтін балдар (мысалы, 5,0, 6,0, 7,0) немесе бөлшек балдар (мысалы, 5,5, 6,5, 7,5) берілуі мүмкін.

Балдардың мәнін мына жерден біліп алыңыз 

IELTS нәтижелері қанша уақытқа жарамды?

Тест өткеннен соң ағылшын тілі деңгейін арттыру мақсатында белсенді түрде әрекет еткеніңізді немесе тырысқаныңызды көрсететін дәлелдерді ұсынбайынша, сіздің тест нәтижелеріңізге екі жыл болса, мекемелер оны қабылдамайды. IELTS серіктестері екі жылдан асып кеткен тест нәтижесінің жарамдылығын растай алмайды.

IELTS тестіне қайтадан қалай баға алуға болады?

Алған балыңыз күткендей болмаса, өз тестіңізді қайта бағалауға өтініш бере аласыз. Өтінімдер емтихан тапсырылған күннен кейін алты апта ішінде қабылданады. Бұл әрекет аппеляция (EOR) деп аталады. Қайта бағалануы қажет тест бөлімін таңдап, тест тапсырған орталыққа өтініш беруіңіз қажет.

Өтінімдер емтихан тапсырылған күннен кейін алты апта ішінде қабылданады. Сынақтың қандай бөлімдерін тексеру керек екенін көрсетуге болады. 

Нәтижелерді қайта тексеру үшін 60 фунт стерлинг мөлшерінде ақы көзделген, және егер сынақты тексеру нәтижесінде қорытынды балл өзгеретін болса, бұл сома сізге қайтарылады. Нәтижелерді тексеру сегіз аптаға дейін созылуы мүмкін.

Нәтижелерді қайта тексеру туралы өтінім беру үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет: 

Қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз. 

IELTS тестін қайтадан тапсыру мүмкіндігі бар ма?

IELTS тестін қайтадан тапсыруға шектеулер қойылмаған. Тест тапсыруға дайын болсаңыз, тесті брондауыңызға болады.

Тесті қайтадан тапсыруға дейін ағылшын тілін білу дағдыларыңызды дамытпасаңыз, жоғары балл алу мүмкіндігіңіз төмен екенін ескеріңіз. Дайындық тестін тапсыру және өз деңгейіңізді білу үшін дайындық бөлімін қараңыз.