Қандай IELTS тестін тапсыратыныңыз туралы сенімді емессіз бе? Біз көмектесе аламыз! 

IELTS тестерінің бірнеше түрі бар. IELTS сізге әлемді аралауға, әрқашан армандаған жұмыс орнына орналасуыңызға немесе ағылшын тілін дамытқаныңызды дәлелдеуге көмектеседі. Тесті қандай нәрсемен айналысуыңызға байланысты таңдаңыз.

Брондау алдында өзіңіз өтініш беретін ұйымдардан сізге қандай тесті тапсыру керектігін сұрап, кеңесіп алыңыз.

IELTS Indicator

Қазіргі уақытта Covid-19 үшін әдеттегі емтихандық тесттер ұйымдастыруға мүмкін емес болғандықтан, өз ағылшын тіліңізді растау үшін пайдалануға болатын онлайн-тест IELTS Indicator ұсынамыз. 

IELTS Academic тестін тапсырыңыз 

Егер сіз әлемнің кез келген жерінде бакалавриат немесе магистратура деңгейінде оқығыңыз келсе немесе ағылшын тілінде сөйлейтін елде кәсіби ұйымда жұмыс істегіңіз келсе, осы тесті тапсырыңыз.

IELTS General Training тестін тапсырыңыз 

Төменгі дәрежеде білім алу, ағылшын тілінде сөйлейтін елде немесе өз еліңізде жұмыс істеу үшін және ағылшын тілінде сөйлейтін елге қоныс аудару үшін осы тесті тапсырыңыз

Ұлыбританияда жұмыс істеуді немесе оқуды көздейсіз бе? 

Ұлыбритания визаларын алуға және иммиграцияға арналған арнайы IELTS тесті бар. Ұлыбританияда жұмыс істеуді, оқуды немесе өмір сүруді көздесеңіз, осы тесті тапсыру қажет.

IELTS-ты қалай тапсыратын тандаңыз