Қазіргі уақытта Covid-19 үшін әдеттегі емтихандық тесттер ұйымдастыруға мүмкін емес болғандықтан, өз ағылшын тіліңізді растау үшін пайдалануға болатын онлайн-тест IELTS Indicator ұсынамыз. 

IELTS Indicator туралы

Бұл тест - төрт негізгі дағдыларды бағалайтын IELTS ресми өнімі:
 
• Listening
• Reading
• Writnig

•Speaking

Өз баллыңызды тест өткеннен кейін жеті күн ішінде аласыз. Сізге әр секция бойынша болжамды балдар да, жалпы болжамды балл да беріледі. Назар аударыңыз, IELTS Indicator классикалық IELTS тапсыруды алмастырмайды.

IELTS Indicator негізгі артықшылықтары

Қауіпсіздік

Бұл онлайн тест болғандықтан, оны үйде оңай және қауіпсіз өтуге болады.

Қол жетімділік

Тест әр апта сайын бір уақытта өткізіледі – тек қана арнайы онлайн-платформаға кіру қажет.

Сенімділік

Тест IELTS емтихан алушыларымен белгіленгендіктен және онлайн тест сұрақтарын қолданғандықтан, оқытушылар тест тапсырушылардың дағдыларының сенімді көрінісін беру үшін оған сене алатынын біледі.

Осы тест қалай жұмыс істейді

IELTS Indicator - бұл апта сайын белгіленген уақытта іске қосылатын және шектелген уақыт лимиті бар онлайн-тест. Сіз «Listening», «Reading» және «Writing» секцияларын бір уақытта тапсырасыз. Ал «Speaking» осы секцияларға дейін немесе олардан кейін бірнеше күннен соң тапсырылады.

IELTS Indicator қандай ұйымдар қабылдайды?

Бұл қиын уақытта емтихан әдеттегі режимде өткізіле алмайтындықтан, біз университеттер мен басқа да білім беру мекемелерін талапкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау үшін IELTS Indicator қабылдауға шақырып жатырмыз. Емтихан тапсырар алдында IELTS Indicator нәтижелерін өз университетіңізден қабылдайтындығы жайлы нақтылаңыз.

Ақысы

IELTS Indicator 149 АҚШ долларын құрайды, салықты қоса алғанда. 

Төлем жасау алдында сіздің банк картаңыздың келесі қызметтері бар екенін тексеріңіз:
 
1. Интернет-сатып алу / халықаралық транзакциялар жасау мүмкіндігі.
2. Тест сатып алу үшін жеткілікті лимиті.
3. Төлем Visa, Mastercard, American Express және Union Pay International көмегімен АҚШ долларында жүргізіледі

 

 

Сыртқы сілтемелер