Ұлыбританияда жұмыс істеуді немесе оқуды көздесеңіз, Ұлыбритания визасын алуға өтініш беріп, ІІМ мақұлдаған UKVI қызметіне арналған IELTS тесті (Academic және General Training) немесе өмірлік дағдыларға негізделген IELTS тесті сияқты Ағылшын тілін білу деңгейін анықтау тестін (SELT) тапсыру арқылы ағылшын тілін қажетті деңгейде білетініңізді көрсетуіңіз қажет.

IELTS және UKVI қызметіне арналған IELTS тестерінің үлгілерінде қандай айырмашылық бар? IELTS (Academic/General Training) және UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic/General Training) тестерінің үлгілерінде ешқандай айырмашылық жоқ. Бұл тестер мазмұны, үлгісі, күрделілік деңгейі және бағалауы бойынша бірдей. Алайда, емтихан нәтижелерінің сертификаты (TRF) Ұлыбританияның ІІМ-мен мақұлданған IELTS UKVI орнында тест тапсырғаныңызды көрсету үшін аздап өзгеше болады.

Қандай тест үлгісін тапсырған дұрыс?

Егер студент болсаңыз, брондау алдында өзіңіз оқитын университеттегі/колледждегі/мектептегі мұғалімдерден сізге қандай тесті тапсыру керектігін сұрап, кеңесіп алыңыз.

4-деңгей демеушісі болып табылатын университеттегі бакалавриат немесе магистратура деңгейіне тікелей түсу үшін жоғары оқу орнына арналған студенттік визаға (4-деңгей) өтініш беретін болсаңыз, ағылшын тілін сол оқу орны бекіткен деңгейде білуіңіз шарт. Ұлыбританияның барлық университеттері мен колледждері IELTS Academic тестің нәтижелерін қабылдайды, яғни UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic) тапсырмай-ақ IELTS Academic тестің нәтижесін ұсынуыңызға болады.

Студент БОЛМАСАҢЫЗ, брондау алдында өзіңіз өтініш беретін ұйымдардан сізге қандай тесті тапсыру керектігін сұрап, кеңесіп алыңыз. UKVI қызметіне арналған IELTS тестін Британдық Кеңеспен бірге тапсыру

UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic/General Training) тестері және өмірлік дағдыларға негізделген IELTS тесті UKVI арқылы мақұлданған тест орталықтарында тапсырылады. Британдық Кеңестің әлемнің түкпір-түкпірінде UKVI қызметі мақұлдаған орталықтары бар.

UKVI ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН IELTS (ACADEMIC)

Егер сіз өтініш беретін университет немесе ұйым UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic) тестін тапсыруыңызды талап етсе, осы тесті тапсырыңыз.

Бұл тест Алматы, Нұр-Cұлтан, Душанбе қалаларында ғана қолжетімді. Алматы, Нұр-Cұлтан қ. тест бағасы: 90 400 KZT, Душанбе қаласында: 200 GBP.

UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic) тестін брондаңыз

UKVI ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН IELTS (GENERAL TRAINING)

Бұл тест Ұлыбританияда төменгі дәрежеде оқуды немесе біліктілік алуды қалайтын адамдарға арналған. Бұл тест сондай-ақ жұмыс істеу немесе жұмысқа қатысты біліктілік алу немесе Ұлыбританияға қоныс аудару үшін қолданылуы мүмкін.

Бұл тест Алматы, Нұр-Cұлтан, Душанбе қалаларында ғана қолжетімді. Алматы, Нұр-Cұлтан қ. тест бағасы: 90 400 KZT, Душанбе қаласында: 200 GBP.

UKVI қызметіне арналған IELTS (General Training) тестін брондаңыз

IELTS Life Skills

IELTS Life Skills — Ұлыбритания визасына өтініш беру мақсатында шет тілін білу деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық критерийлері (CEFR) негізінде A1, A2 немесе B1 деңгейлерінде сөйлу және тыңдау дағдыларын ғана дәлелдеуді қажет ететін адамдарға арналған ағылшын тілі тесті.

IELTS Life Skills екі деңгейде ғана қолжетімді:

IELTS Life Skills A1

Ұлыбритания визаларына өтініш берудің және "қоныстанған адамның отбасы" визалары негізінде қоныс аударудың бір бөлігі ретінде ағылшын тіліндегі сөйлесу және тыңдау дағдыларыңызды дәлелдеу қажет болса, осы тесті тапсырыңыз.

IELTS Life Skills Алматы, Нұр-Cұлтан, Душанбе қалаларында ғана қолжетімді. Алматы, Нұр-Cұлтан қ. тест бағасы: 90 400 KZT, Душанбе қаласында: 150 GBP.

IELTS Life Skills A1 тестін брондаңыз

IELTS Life Skills B1

Ұлыбритания визаларына өтініш берудің және қоныстанып қалу немесе азаматтық алу мақсатында қоныс аударудың бір бөлігі ретінде ағылшын тіліндегі сөйлесу және тыңдау дағдыларыңызды дәлелдеу қажет болса, осы тесті тапсырыңыз.

IELTS Life Skills Алматы, Нұр-Cұлтан, Душанбе қалаларында ғана қолжетімді. Алматы, Нұр-Cұлтан қ. тест бағасы: 90 400 KZT, Душанбе қаласында: 150 GBP.

IELTS Life Skills B1 тестін брондаңыз

Назар аударыңыз

Кандидат IELTS емтиханының төрт бөлігінің біреуінде болмаған жағдайда (қағаздағы, компьютерлік және UKIV нұсқаларына қатысты) тест нәтижелері кандидатқа жіберілмейді.

See also