Өтінішдерді қабылдаудың соңғы күні: 2020 жылдың 14 ақпаны

Future News Worldwide бағдарламасы халықаралық журналистердің жаңа ұрпағын іздеуге, оларды оқытып, бір-бірімен байланыстыруға бағытталған. Бұл біздің әлемдік медиа-ұйымдармен, соның ішінде BBC, Reuters, Facebook және Google News Initiative сияқты компаниялармен бірлесіп жасалған серіктестік бағдарламамыз.

Біз 2020 жылы 14 және 15 шілдеде Лондонда өтетін арнайы конференцияға бізбен бірге баратын 100 дарынды, әрі ынталы жас журналистерді іздеу үстіндеміз. Осы конференцияда олар әлемнің жетекші редакторлар, хабар таратушылар, жазушылар мен репортерлер өткізетін тренингтерге қатысып, әлемдегі басқа да жас журналистермен байланыс орнатады. 

Конференциядан кейін қатысушылар жыл сайынғы ғаламдық желісінің түлектердің ішіне қосылып, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, өз оқуын өткізуге және кәсіби дамуын жалғастыруға мүмкіндік алады. 

Бағдарламаға 2020  жылдың 1 шілде күніне қарай жасы 18-25 аралығындағы журналистиканы сүйетін бакалавриат, магистратура және докторант студенттері үшін ашық. Үміткерлер ағылшын тілінде жоғары деңгейде сөйлей білуі және журналистика саласында мансап құруға ниеті бар екендігі көрсетуі керек.