«I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» – British Council ұйымы мен «Шеврон» компаниясының 2013 жылдан бері іске асырып келе жатқан серіктестік жобасы.

I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік жағынан белсенді жастарға қолдау көрсетуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік проблемаларды орнықты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстанда әлеуметтік жағынан белсенді жастардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпалдасады.

Жобаға қатысушылар – өздері тұратын қоғамға оңды өзгерістер енгізуді қалайтын, 18 бен 29 жас арасындағы қыздар мен жігіттер. Жоба сондай-ақ жастардың өмір сүру машықтарын дамытуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруына көмектеседі. 

Осы секцияда