«I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» – British Council мен «Шеврон» компаниясының серіктестік жобасы, 2013 жылдан бастап Астана мен Алматы қалаларында іске асырылуда. 

2017 жылдан бері I-SEED жобасы Атырау жастарына инновациялық және интерактивті оқу бағдарламасын ұсынатын «Шеврон» корпорациясының «Атырау қаласының жастарын дамыту бағдарламасының» шеңберінде Атырау қаласында іске асырылады. Жоба Атырау облысының Әкімдігімен серіктестікте іске асырылады.

I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік жағынан белсенді жастарға қолдау көрсетуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік проблемаларды орнықты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстанда әлеуметтік жағынан белсенді жастардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпалдасады. 

Жобаға қатысушылар – өздері тұратын қоғамға оңды өзгерістер енгізуді қалайтын, 12 бен 25 жас арасындағы қыздар мен жігіттер. Жоба сондай-ақ жастардың өмір сүру машықтарын дамытуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруына көмектеседі. 

I-SEED жобасының шеңберінде қатысушылар үшін мына бағыттар бойынша көзбе-көз белсенді тренингілер өткізіледі: 

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік 
  • Бизнесті жоспарлау 
  • Фандрайзинг және инвестициялар тарту 
  • Маркетинг 
  • Желідегі өзара әрекеттестікті қалыптастыру 
  • Презентация мен питчинг машықтары 
  • Өмірде қажетті машықтар (көшбасылық, ұжымда жұмыс істеу және адамдармен тиімді араласу) 

Тренингілерге қоса, I-SEED шеңберінде түрлі тақырыптар бойынша семинарлар, мастер-кластар, сондай-ақ Қазақстанның тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлерімен, іскер адамдарымен және қоғамдастық көшбасыларымен кездесулер ұйымдастырылып, олар жобаға қатысушылармен тәжірибе бөліседі. Тыңдаушылардың алдына шығып сөйлейтін кәсіпкерлер өздерінің табысқа жетуінің құпиясын ашады және өзінің әлеуметтік кәсіпорнын немесе бизнесін бастауды жоспарлап жүрген жастарға өнеге болады. Қатысушылар сондай-ақ әлеуметтік кәсіпорындарға, сондай-ақ өздерінің әлеуетін  және байланыс орнату машықтарын дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға бару мүмкіндігіне ие болады.  

Алған білімдерін іс жүзінде қолдану және жаңа машықтарын бекіту үшін I-SEED қатысушылары шағын топтарда төл әлеуметтік жобаларын әзірлеп, іске асырады. Олардың жобалары қарт адамдар мен табысы төмен отбасыларды қолдауға, балаларға өмір сүру машықтарын дамытуда көмек көрсетуге, хоспистерді қолдауға, жастар арасындағы экологиялық сауаттылықты жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, кемтар балалар мен жастардың қоғамға сіңісуін қолдауға және т.т. бағытталады.

ФОТОСУРЕТТЕР

I-SEED жобасынан фотосуреттерді көргіңіз келсе, мына сілтемеге басыңыз.